Музыкатерапевт маманының ашық сабағы
2019-шы жылдың сәуір айының 12-ші жұлдызында «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығында Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің қызметкерлері және Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің студенттерінің қатысуымен музыкатерапевт маманының «Қазақ халқының ұлттық аспаптары» атты лекция-концерт түріндегі ашық сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: балаларды музыка арқылы ұлтжандылыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке, ұлттық аспаптарды қастерлеуге, салт-дәстүрді сақтауға, жан-жақты ой-өрістерін арттыруға негізделген.