ПІКІРЛЕР
Балбұлаққа алғыс
Мен Холматова Зилоланың анасы Ибрагимова Сапура. Осы орталыққа 5 жылдан бері келіп ем алып жүрміз. Осы орталықты ашқан алғашқы Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа, оның жұбайы Сара Алпысқызы Назарбаеваға алғыс айтамын. Алла разы болсын. Осы орталықта 20 жылдан бері жұмыс істеп жүрген Татьяна Владимировна Варзинаға алғысым шексіз. Біз келгеннен жылы жүзбен қарсы алып, әр-бір баланың денсаулығына жауапкершілікпен қарап, өз емдерін беріп жүр. Невропатолог дәрігерлері, педиатр Роза Науқанбаевна, стоматолог Бәтен апай, массажист Шолпан, медсестра Ольга Владимировна, Айгүл апай, Анар апай, барлық мейірбикелер, санитаркалар, аспазшылар
дың барлығы, ЛФК-дағы инструкторлар, иппотерапия инструкторы, барлық қызметкерлерге алғысым шексіз, алланың нұры жаусын! Педагогтарға арнайы алғыс білдіргім келеді. Айгүл Жұмабайевна басқарған педагогтардың барлығы керемет, әр баланың психологиясына қарай, өлең-тақпақтарын беріп, музыкасын қойып, билетіп, спорттық алаңға ойнатады, гимнастика, ЛФК ойнатады. Келген ата-аналарға жылы сөздерін айтып, ем болсын деп тілейді. Тілектеріңізді алла қабыл қылып, мұраттарыңыз асыл болсын. Барлықтарыңызға тілерім:
Абырай берсін, аман сақтасын.
Бақ қарасын, қыдыр дарысын.
Ата-бабаларыңыздың аруақтары жар болсын.
Пірлер мададқар болсын.
Бәледен, жаладан, тілден, көзден Алланың өзі сақтасын.
Әуелі Алла оңдасын, әзіреті Сұлтан қолдасын.
Дастарханыңызға байлық
Дендеріңізге саулық
Отбасыларыңызға амандық
Әр күндеріңізге шаттық тілеймін!
Тілек білдіруші Холматова Зилоланың анасы Ибрагимова Сапура. ОҚО, Түркістан қаласы
Алғыс білдіру.
Қымбатты «Балбұлақ» Оңалту орталығының ұжымы! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақыт, жүздеріңізге шаттық тілеймін!!!
Мен Жұмабаева Пакизат осы жерге емделуге жетінші рет келуім. Әуелі Алла тағаланың арқасы, сосын емдеуші Татьяна Владимировнаның ақыл кеңесінің, жақсы емінің нәтижесінде біз біраз жақсарып ем алдық.Ол кісіні мен мақтамасамда, осы жерге келген ата-аналар жақсы білікті маман ретінде біледі. Татьяна Владимировна өте білімді, ақылды, мәдениетті дәрігер-невропатолг. Осы кісінің қарамағында істейтін ақ халатты абзал жандарға шексіз рахмет айтамын.
Ұжымға рахмет!
Мен Ермекова Амина, осы «Балбұлақ» оңалту орталығына бірінші рет балаларымды емдетуге алып келдім. Балаларым Сүлейменов Сағындық пен Қуандық осы орталықтан өте жақсы емдерін алып риза болдым. Осы орталықтың басшысы Мұхтар Жақсыбайұлы бастаған ұжымға өте ризамыз. Бөлім меңгерушісі Татьяна Владимировнаға, емдеуші дәрігеріміз – Ирина Александровнаға алғысымыз шексіз. Балаларды аялы алақанымен шипа берген массажист – Алтын, физиотерапия бөліміндегі медбикелер, педагогика бөліміндегі тәрбиешілер мен педагогтар балалармен өте жақсы жұмыстар жасады. Атап айтсам, тәрбиешілер — Сыламхан Садбақасқызы, Айгүл Төлегенқызы, Әсия Алтынбекқызына дән ризамызы. Мерекелік шараларды ұйымдастыруда балалармен өте жылы қарым-қатынаста болып, мерекелік шараларды ұйымдастыруда өте жақсы ұйымдастырды. Біздер өте ризамыз. Педагог маман ретінде өз басым өте жоғары баға беремін. Әрдайым да балаларға жан жылуын сыйлап, алғыс ала беріңіздер!
Сулейманов Сағындық пен Қуандықтын мамасы Ермекова Амина.
Атырау қаласынан. 04.08.2017 жыл
Балбұлаққа алғыс
Мен қызымды «Балбұлақ» оңалту орталығына бірнеше рет емге әкелдім. Балбұлақ ұжымының қызметкерлеріне алғысым шексіз. Бөлім меңгерушісі Варзина Татьяна Владимировнаға мың да бір рахметімді айтамын, білімді де білікті дәрігер, балаларға деген қамқорлығы өте жақсы, мейірімді, кішіпейіл, өте жақсы дәрігер деп айтсақ болады. Сонымен қатар сумен емдеу бөлімінің қыздары Айнакулова Ляззат, Идрисова Гульзира, педиатр дәрігері Роза Науханбаевна, логопед Жанна Мукашевнаға мың да бір рахметімді айтамын. Осы «Балбұлақ» оңалту орталығында ем алғалы бері, баламның алған емдері өте жақсы көмектесуде. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңіз жемісті де табысты болуына тілектеспін.
Алғыс хат

Ақтөбе облысынан келген Жоламан Заңғардың анасы «Балбұлақ» РБОО әкімшілігі мен ұжымына оңалту жұмыстары үшін үлкен алғыс айтып, «Алғыс хат» табыстады.
Алғыс білдіру
Мен Ахаева Алима Жүзей Саматтың анасы Балбұлақта бірінші рет ем алдық. Мұнда бәрі тамаша. Педагогтар жұмыстары, массаж, бәрі-бәрі көңілден шықты. II-пост медбикелері де өте мейірімді, баламен қарым-қатынасты өте жақсы біледі. Табиғаты қандай керемет бәрі ұнады. Тағы келуге тырысамыз. Ең алдымен осы балаларға ем қонып, жазылып кетсе екен. Дәрігер Юлья Андреевнаға алғысым шексіз және дефектолог Айсәуле апайға да мың алғыс.
Мама Алима. 01.08.2017ж
Алғыс білдіру
Сіздердің Орталықтарыңызға бірінші рет келдік. Барлық қызметкерлерге алғасымыз шексіз. Баламның көлінен шықты. Тіс дәрігері Бәтен Тоқмолдақызы, логопед Айгүл Әділбекқызы, дефектолог Назерке Қалмұханбетқызы, емдеуші дәрігеріміз Юлия Андреевнаға, иппотерапия мамандарына ҮЛКЕН РАХМЕТ! Осы ұжымға творчествалық табыс, өркендеп, көркеюін тілейміз. Осы ауысымда өткізілген ашық сабақтар, мерекелік шаралар көңілімізден шықты. Табиғаты тамаша жерде орналасқан, керемет оңалту орталығы. Осы орталыққа тағы да келеміз деп үміттенеміз!
«Балбұлақ» ұжымына ризашылық пен алғыс

«Балбұлақ» балалар оңалту орталығы ұжымына өз алғысымды білдіремін.
Орталықта 20.11.2017-14.12.2017 ж. аралығында баламмен жолдама арқылы келіп, орналасып ем алғанбыз. Баламның диагнозына, жасына сәйкес тиісті емдерін, педагогикалық көмектерін толықтай алды. Соның ішінде: емдік дене шынықтыру жаттығулары, сылап-уқалау, физиотерапия, гидрокинезотерапия, иппотерапия, механотерапия және логопед, психолог, музыкатерапия, Монтессори педагог мамандарының ем-домдарын қабылдады. Нәтижесінде баламның ұсақ моторикасын жетілдіруге, сөйлеу қабілетін арттыруға, шынығуына, денсаулығының жақсаруына, психикалық дамуына септігін тигізді.
Оңалту орталығына келген күннен бастап, емдеу дәрігері Ирина Александровнамен танысып, баламның диагнозы бойынша біраз пайдалы мағлұмат алдым. Орталық педиаторы Роза Науқамбаевна өз тұрғысынан баламның денсаулығы туралы кеңес берді.
Өз істеріне тиянақты, жылы сөз, ізгі лебіздерімен адам жанын жадыратады. Әрі жасаған ем-домдары да көңілге қонымды. Әрбір маман емделуші адамдардың жағдайын жасап, олардың тез жазылуына ықпал етеді. Осындай абзал мамандардан ем алып, сырқатымыздан айығамыз. Барлық жаны таза, абзал ақ халатты мамандар мен медбикелерге, педагог мамандарға, тазалық қызметкерлеріне, асхана, кафе ұжымына, шын көңілден ризашылығымды білдіремін. Әрине, «Балбұлақ» оңалту орталығының басшысы Мұхтар Жақсыбайұлына, бөлім бастығы Татьяна Владимировнаға үлкен алғыс!
Әрқашанда жүздеріңізден күлкі кетпей, тәрбиелеп, емдеп шығарған балаларыңыздың құрметіне бөленіп жүре беріңіздер! Ешқашан жаманшылық көрмей тек қуанышты күндеріңіз көп болсын. Осы атқарып жүрген қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметтеріңіздің тек жемісін көріңіздер! Жақсылықтарыңыз алдарыңыздан шықсын!Отбасыларыңызға жанұямыздың атынан бақыт-береке, мол табыс тілейміз!
Құрметпен, Жанұзақұлы Жандаулеттің анасы Смагулова Эльвира
Балбұлаққа алғыс
Құрметті «Балбулак» ұжымы сіздерге көп-көп рахмет. Әсіресе бала дәрігері Дүйсенова Роза Науханбаевна ханымға, қызым Намазбай Надираның қызуы көтеріліп, қатты ауырғанда, жанында түнімен қарап ем-домын беріп, өз қызындай қарап, сөзімен де, мейірімімен де емдегені үшін алғысым шексіз. Сонымен қатар мейірбике Күлбаева Анар, Бегова Айгул және ЛФК маманы Әсемге, санитаркаларға көп-көп рахмет. Бөлім меңгерушісі Варзина Татьяна Владимировнаға аналық алғысымды айтам. Еңбектеріңіз жана берсін.
Мен Қызылорда қаласынан осы Балбұлаққа
Мен Қызылорда қаласынан осы Балбұлаққа емделуге келіп жүргеніме жеті жыл болды. Осы жылдар аралығында Балбұлақ ұжымына айтар алғысым шексіз. Бұл жерде өте жоғары білімді мамандар жұмыс істейді. Мысалы, өз ісінің шебері білімді дәрігер Татьяна Владимировна, Роза Науқамбаевна, Бәтен Тоқмолдаевна. Осы кісілердің емдері көңілімізден шығады. Бұл жерде 5 мезгіл тамақ, тазалық жақсы жолға қойылған. Емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, мейірбикелер, жалпы барлық осы ұжымның қызметкерлері келген кісілерді жақсы қарсы алып, жақсы шығарып салады. Балалардың аурулары жеңілдеп, ата-аналары жақсы көңіл-күймен ауылдарына қайтып жатады. мен осы кісілердің еңбектеріне табыс тілей отырып, денсаулықтары зор болып, семьяларына бақыт тілеймін, жұрттың алғысына бөлене берсін!
Алғыс хат
Абдирова Ақерке мен Назеркенің үлкен 74 жасқа келген әжесі Алтын апамын. Өз ойымды , жүрек түкпірінен шыққан бір –екі ауыз ойымды осылай жеткізгім келді.
Жолдама алып Балбұлаққа аттандық,
Естігенде барасыңдар –деп емделуге
Оңалту орталығы «Балбұлақ»
Жүздері кетті балалардың жайнап балбұрап.
Келіп жеттік бұрын болған
Астанасы қазақтың сұлу қала ,
Алма бағы жайқалған Алматыға .
«Балбұлаққа» жетіп есіктен кіріп төрге шықтық,
Педогогтары тез қабылдап,
Кешіктірмей бірден қабылдап ,
Төрден орын берді , рахмет.
Жайдары жүзді ,
Ақхалатты абзал жанды дәрігерлер мен медбикелер қарсы алды.
Мейірімді көз қарастарымен аялы алақандарымен балаларға әл қуат берді.
Ем шараларын аямай, барлық күш жігерімен,
Мейіріменен қарап ,
Шапағатын жаудырып ,
нұрын төккен күндей күлімдеп балаларымызды емдеді : массаж , ЛфК, механатерапия , психологтар өте көп көмегін тигізді.
Массаждағы шоқ жұлдыздай Шолпаным
ЛФКда ел байлығы қызым менің Алтыным
күлкісімен таң қалдырған Аня бар.
Айдай Әсем қызымыз алақаны қызулы былқылдаған жүрісімен таңқалдырған Тамара.
Ләззат қызым парафинді қойғанда , денесі кетеді балалардың балбырат.
Физ .кабинет таза, дайын тұрады Гульзира ,
Тісдәрігері Бәтенжан тән жылуы, жан жылуы .
Бар ғой дайын тұратын медбикелер саптағы
Кульбаева Анаржан алақаны аялы,
Баймұқанова Жаңылым тағайындаған дәріден ешқашанда жаңылмас .
Светлана тағы бар,
Аппақ жүзі жарқырап ,
Ережеппаева Айгерім , ақ маралдай керілген .
2-топ тазалықшы қыздарым:Гульзада ,Гульнур Захида, Рыскуль жарқыратып тазалайды жатқан жерін балалардың анамен .
Дәмді тамақ алда тұр, бұрқыраған шайымыз
Үлестірер тамақты алда тұр,күлімсіреп қыздарым : Ләззат, Жанар,Қамар Сұлулар.
Басшы ұқсайды әділ қазы алқасына,
Парасатты бар атынға лайық
Мұхтар Шаханов ағасындай
Бөбектерге нәр беретін Балбұлақтың сағасындай .
Рахмет сізге еңбегіңіз өрлей берсін қажымай қайраттанып ісіңізге әрдайым сәттілік берсін Әлтаев Мұхтар інім.
Меңгеруші Татьяна В.В. қызым ,
аяғына қуат берсін,
Палаталарды аралап бөбектердің маңдайынан атап,
түсіңізге жылу беріп, ісіңіз алға бассын.
2- топтың емдеуші дәрігері Гульжан Абайқызына ерекше алғыс білдіремін
Атына заты лайық әр пенденің
Балаларды бірдей көрдің кем демедің ,
Қызым –ау берсін саған Жамбыл жасын ,
Тағыда берсін Абай милы басын
Талмасын сенің білегің , жанып тұрсын жүрегің,
Әрқашанда еске алып сені жүремін .
Мың рахмет мың алғыс шын жүректен жолдаймын.
Тағы барын білемін Сара атты дәрігер,
Берсін саған 80-жас себебі оның мынандай
Сара атты ханымдар ұқсайды олар хауыздарға гүлдерге қаратаймаңдар.
Саралар даналар
Балбұлаққа көп қой менің тілегім , Әрқашан есігі тұрсын ашылып .Гүлдер тұрсын ақ маржандай шашылып .
Шын тілекпен егде тартқан апаларың : Ақалтын Байтажіқызы
05.02.2018 ж
Алғыс хат
Менің қызым Жастлекқызы Толғанай 30.05-23.06.2018 ж. аралықта Балбұлақ орталығында ем алды. Орталықтың қызметкерлері: Татьяна Владимировнаға, Гүлжан Абаевнаға, Роза Науқанбаевнаға үлкен алғысымды білдіремін. Бұл кісілер өте ілтипатты, адамгершілігі мол, мейірімді жандар. ЛФК–дан жаттығу жүргізген Тамара апайымызға үлкен алғыс. Тіс дәрігері Батен Токмолдаевна, магнит, парафин, массаж апайларымыз Гульзира Жумабековна мен Лаззат Омарбековна да өте керемет. Балаларымызды сахнаға, өзін-өзі ұстауға үйреткен педагог апайларымызға да, палаталарымызды да таза ұстаған шаруашылық иесі мен тазалықшыларымызға да үлкен рахмет.
ПІКІР ҚОСУ
міндетті түрде