Орталық жүйке жүйесі бұзылған балаларға арналған «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығы 1995 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы «Бөбек» балалар қорының Президенті С.А.Назарбаеваның бастамасымен ашылған болатын. Ол уақытта Республикада мұндай тәжірибие алмасатын, мамандарды үйрететін мекемелер болған жоқ. КСРО-дағы денсаулық сақтау министрлігімен ұсынылып бекітілген штаттық нормативтік құжаттарда оңалту орталықтары жайында тіпті айтылмаған болатын. Сондықтан барлығы ақ парақтан басталған еді: медициналық қызметкерлерден басқа логопед, психолог, педагогтарды қамтыған штаттық кестені жасап, оны бекіту; орталықтан ем қабылдау үшін көрсеткіштер мен қарсы көрсетілімдерді ұсыну; баланың жасына қарамай анасымен бірге болуды аныққтау т.с.с. мәселелер. Ата-аналардың балаларымен болуы сөйлеу, дене дамуы бұзылысының құрылымы жайында ақпарат беру үшін және баланы оқыту мен дамыту мүмкіндіктерін айту, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға үйрету үшін қажет болды. Реабилитациялық үрдіс ата-ананың тікелей қатысуы арқылы жүргізілуі тиіс және олар реабилитациялық топтың мүшесі болуы керек. аналар емдеу бөлмелеріне балаларымен бірге барып жүріп, жүргізілетін барлық іс-шаралардың түрімен танысып оны үйренуі тиіс. Себебі одан әрі қарай баланы оңалту ісі тікелей отбасының жауапкершілігінде және оңалту үрдісі үздіксіз әрі ұзақ болуы керек. Сонымен бірге емге жатқызу реттілігі, емделушілердің емделу курсы анықталды. Мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен 1996ж. наурыз айында орталық өзінің алғашқы емделушілерін қабылдады.

1996ж. наурыз айынан 2016ж. сәуір айына дейін орталықта 17738 науқас, оның ішінде – 11095 бала ем қабылдаған.

Орталықтың жоба бойынша белгіленген қуаттылығы 75 төсекке арналған олардың 60 балаларға және 15 ересектерге. Реабилитациялық емдеу курсы 24 күнді құрайды, жылына 14 ауысым кестеге сәйкес құрастырылған, жылына  840 бала реабилитация курсын алады.

 

2011ж. маусымынан 2012ж. тамызы аралығында орталық біршама қиындықтарды басынан кешірді.  Дәлірек айтқанда Медеу шатқалында болған қатты дауылды желдің салдарынан «Балбұлақ» орталығының шатыры ұшып кетіп, терезелері сынды, ағаштар құлап, қоршаулар ысырылды, балалар алаңы бұзылды.  Емделушілер тез арада оқшауланып, орталықтан қалалық денсаулық сақтау департаментінің ұсынуымен Алматы қаласындағы «Алау» шипажайына жайғастырылыды. Орталықтың жұмысы жыл бойына әртүрлі жалға берілетін мекемелердің қабырғасында жүрді. Орталықтың қиын кезеңіне қарамастан қызметкерлер балаларға реабилитациялық көмекті толығымен жүзеге асырды. Осы уақыт бойы орталықта жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. ҚР төтенше жағдайлар Министрлігінің және денсаулық сақтау Министрлігінің қаржылай көмегінің арқасында орталық территориясында көгалдандыру жұмысы болды.  2012ж. тамыз айында барлық күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, орталық жүйке жүйесі және психикасы бұзылған, «балалар церебральді сал ауруы» диагнозымен келген өзінің кішкентай емделушілері үшін есігін қайтадан айқара

Орталықтың құрылымы

Орталықтың іс-әрекеті кешенді медициналық-педагогикалық және әлеуметтік реабилитацияға бағытталған.

Бүгінгі күнде орталықта кешенді реабилитация әлемдік стандарттарға сәйкес өткізіледі. Орталық заманауи құралдармен жабдықталған.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеуде емдік дене шынықтыру кешенді оңалтудың басты құрамдас бөлігі болып табылады.

ЕДШ нұсқаушылары жеке және топтық сабақтарды жүргізеді. Арнайы құрал-жабдықтар белсенді пайдаланылады:

Әрбір ауысым сайын спорттық жарыстарға тән спорттық Олимпиадалар және Спартакиадалар,  өткізіледі. Іс-шараға барлығы қатысады. Мұндай шығармашылық көзқарас емделушілерге бұрын шамасы келмеген қимыл-қозғалыстарды жасауға мүмкіндік береді.  Балалар және олардың ата-аналары ойын барысында баланың жаңа қимыл-қозғалыстарын меңгере бастағанын байқапты.

Біз сүйеуші рама, вертикализатор, арнайы кресло «ВУШ», «Каунт» бұрыштық қалыпқа келтіргіштер тиімді пайдаланылып жүр. Гидрокинезотерапии сабағы «Су патшасы Сүлеймен» театрланған қойылымды бастаудан басталады. Сонан соң емдеу курсын балалар хауызда жалғастырады. «Атлант», «Регент»  и «Фаэтон» емдік костюмдерін пайдалана отырып, динамикалық проприоцептивті түзету әдісі пайдаланылады.

«Гросс Тренажері» балаларға белгілі бір дене салмағын түсірудің арқасында кеңістікте барлық бағытта еркін қозғалуға мүмкіндік береді.  «Дара» қайырымдылық қорының көмегімен 2013ж қазан айында иппотерапия (атпен емдеу) әдісі енгізілген. Орталыққа екі ат сыйға тартылып, мамандар Мәскеу қаласында арнайы оқуға барып келді. Аталған әдіс шұғылданушының дене және психологиялық әлеуметтік дәрежесіне бірдей емдік әсерін береді.

Медициналық реабилитацияны балалар дәрігері,  неврологтар шұғылданады.

Дәрімен емдеу жүргізіледі, оның ішінде Диспорт жетекші орынға ие. Әдетте ол бұлшықеттің серпілділігін төмендету үшін пайдаланалады. Дәрінің инъекциясы бұлшықетке салынады. Аталған әдісті біздің орталыққа профессор А.В.Черемистің жетекшілігімен және профессор Ш.А.Булекбаевамен енгізілген болатын. Инъекцияны салардың алдында және одан кейін үш реет гониометрия, фото- және видеотаспаға түсірілу жүргізіледі. Ал, ол өз кезегінде дәрінің жағымды динамикасын дәлелдеуі керек. Диспорт инъекциясын  барлығы 2487 бала алды. Кешенді реабилитация жүргізуден басқа бізде диагноздарды анықтау үшін ЭЭГ видеомониторинг, көз дәрігерінің кеңес беруі мен балалар психиатрының қызметі бар.

Физиотерапия электр ем-шарасы жүргізіледі: дәрілік электрофарез, эндогенді электрофарез, транскраниальді микрополяризация, дарсонвализация, электростимуляция, жарықпен емдеу, лазердік емдеу.

Жылу ем-шарасы: балшықпен, парафинді-озокеритті жапсыру арқылы емдеу. Сумен емдеу гидро-, бальнеотерапияны қамтиды, емдік ванналар, циркулярлы душ, Шарко душ, гидроуқалау бар.

Уқалау ағзаның бұлшықет жүйесіне жағымды ықпал етеді. HANDEL ауа уқалағышы, термоуқалағыш кереует пайдаланылады.

Сонымен қатар біздің орталықта балалар заманауи құралдармен жабдықталған білікті тіс дәрігері маманының кәсіби көмегіне жүгіне алады.  Айта кететін жәйт, жүйке жүйесі зақымдалған науқастарға әдетте емханаларда қызмет көрсетпейді және бұл санаттағы балалар шетте қалып қояды. Сондықтан біздің орталықта олар алғыспен және дән ризашылықпен ауыз қуысын сауықтандыру бойынша ем алып келе жатыр және бұл міндетпен орталықтың тіс дәрігері Күрішбаева Б.Т. өз дәрежесінде қызмет атқарып келеді. 20 жыл бойына орталықта 11095 бала ем алып, сауықтандырылған, 2011 ж. наурыз айына дейін 6643ана.

Кешенді оңалту жүйесінде педагогикалық түзету жұмыстарының алатын орны ерекше. Педагогикалық қызмет бөліміндегі логопед, психолог, дефектолог, әлеуметтік педагог, музыкатерапевт, еңбектерапевті және тәрбиеші мамандар түзету-дамыту сабақтарын жүргізеді.   Соның бірі логопедиялық түзету – жалпы қабылданған әдістерен қатар Е.М.Новикова бойынша білезік буын және білек аймағы, сөйлеу бұлшықетіне зондпен уқалау жүргізіледі. Компьютерленген бағдарламалар пайдаланылады — БОС әдісі бойынша сабақтар, «Дельфа» жаттығу құрылғысында сабақтар жүргізіледі. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап логоритмика бойынша сабақтар енгізілді.

Дефектологтар Монтессори педагогикасы бойынша сабақтар жүргізеді, «Мультикид» дамытушы компьютерлік кешенді бағдарламасында шұғылданады  және «Тасбақа» дидактикалық материалындағы модульдермен сабақ өтеді.  Психолог жеке және топтық сабақтар жүргізеді және жиі ультракүлгін сенсорлық бөлмесінде шұғылданады. 2015ж. қыркүйек айынан бастап  АВА терапиясы бойынша сабақтар жүргізілді және нейропсихологиялық  диагностикалау 04.03.2016ж. басталды.  Әлеуметтік педагог «Бартелла» шкаласы бойынша өз-өзіне қызмет ету дағдысын бағалайды және балалардың тұрмысқа бейімделуі мен өз-өзіне қызмет ету дағдысын қалыптастыру бойынша жеке сабақ жүргізеді.  Музыкотерапия адамның психологиялық кейпінің барлығына жағымды ықпал етеді. Балалардың ақыл-ой қабілетін белсенділейтін құрал болып табылады. Логоритмика бойынша логопед мамандармен бірге сабақ жүргізеді. Еңбектерапиясы – емделушілерді оңалтудың жалпы жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Педагог-тәрбиешілер (ойынтерапевттер) балалармен дамытушы ойындар жүргізеді, серуендер, қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырады. Өйткені ойын іс-әрекеті арқылы ерікті психикалық үрдістер қалыптасады: ерікті зейін аудару, еске сақтау, ақыл-ой дамуына ықпал етеді, қиялға көшуге, елестету, сөйлеу қызметін дамыту, бала ойының рефлексивті қызметі, қимыл-қозғалыс жетілдіріп, еріктік белсенділікті дамытады.

Барлық түзету жұмыстары баланың шығармашылық қабілетін көрсете алатындай етіп, арнайы ұйымдастырылып жасалған. Орталықта «ашық сабақтар», мерекелік концерттер, сайыстар өткізіледі. 

Науқастардың кешенді емдеуінің соңғы мақсаты жоғалған қызметтерді максимальді түрде толық қалпына келтіру болып табылады. Сонымен бірге ортездеу басқа әсер ету әдістерінің есебінен алынған ем нәтижелерін минимальді кезекпен бекітеді. Соның арқасында емдеу және оңалту үрдісінің тиімділігін арттырады.

Объективті көрсеткіштердің мәліметінше, ортездерді кешенді емдеуде және қимыл-қозғалыс жүйесі мен жүйке жейсі бұзылған науқастарды оңалту ісінде емдеу уақытын қысқартады екен.

Орталық 2003 жылдың желтоқсан айында Сара Алпысқызының көмегімен «Стипер» компанисынан алынды.  Біздер дайындаған ортездер қимыл-қозғалыс дағдыларын тез игеруге ықпал етеді.

Орталықтың ғылыми-зерттеу жұмысы

Орталық С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жүйке ауруларын кафедрасымен тығыз байланыста. Ал, балалар неврологиясы медициналық генетика курсы кафедрасымен және «ҚРМУ» және  ҚазМҚПУ тығыз байланыс орнатқан. Жыл сайын дәрігерлер мен орталық мамандары шетелде кәсіби біліктілігін арттырады. 2006ж. «Бөбек» оқу орталығының базасында орталықтың 10-жылдық мерейтойына арналған «Нейрореабилитацияның өзекті мәселелері» атты  конференция өткізілді.  Біз іс сапарға шығып,  жаңа құрылған орталықтарға әдістемелік көмек көрсетеміз. Мәселен, ЕДШ дәрігерлері мен мамандар, логопедтер, тәрбиешілер, психологтар біздің орталыққа келіп, тәжірибиеден өтеді. Біздің мамандармен 128 ғылыми жұмыс жарияланған.

06.03. 2015ж. Тәрбиеші-ойынтерапевттер С.Беличеваның шкаласы бойынша даму динамикасын бақылап жүр. Логоритмика бөлмесі құрастырылып, қазіргі кезде орталықтың логопедтері мен музыкалық жетекші балалармен логоритмика сабағын жүргізіп жүр. 2015ж. әлеуметтік педагогтар, тәрбиешілер және психологтарға арналған «Балалар оңалту орталығындағы тәрбие жұмысын ұйымдастыру» атты оқу-әдістемелік құрал шықты. Оның авторы орталық психологы   Есенбаева Б.А.

Жаңа технологиялар

 

Психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету-дамыту сабақтары БОС технологиясы мен компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы жүргізіледі. ДАС-БОС логотерапиялық және «Дельфа» логопедиялық жаттығу құрылғысы, «Мультикид» түзету-дамыту бағдарламасы бар. Емделушілердің психоэмоционалдық жағдайы мен сенсорлық интеграциясын жақсарту үшін орталықта екі сенсорлық бөлме жұмыс жасайды («жарық» және «ультракүлгін»).

Артромот-К1, Артромот-SP-3, Артромот –Е, Артромот-F, әртүрлі буындарды жетілдіруге арналған тренажёрлер енгізілген.

     Механотерапиялық тренажёр – мотомед жоғары және төменгі саусақтардың мототерапиясы үшін пайдаланылады. .

Жаңа медициналық технологиялар енгізілген: көп қызметті «Мануалекс» столы оңалту жұмысында қол үшін кешенді жаттығуды орындауға арналған, статистикалық  параподиум  «ALREH» және нейро-ортопедиялық реабилитациялық комбинезон «Фаэтон».

Бізге 2011жылы Денсаулық сақтау Министрлігінің қаржылай көмегінің арқасында біз «WOODWEY Lokostation» роботталған жүйені сатып алды. Тренажер қимыл-қозғалысы ауыр бұзылған науқастың біреуге сүйенбей, физиотерапевттің көмегінсіз жүгіру жолында жаттығуға мүмкіндік беретін электромеханикалық құрылғы.  Бұл заманауи тренажердің орны ерекше.

 «Стабилан» стабилоанализатордағы  статокинезиометрия.

Біздің серіктестер  

Мэри Кей» фирмасы — біздің әріптестеріміз. Аталмыш фирма 2006 жылы   «Ультракүлгін сенсорлық бөлмесін» сыйға тартты, бұл бөлмені балалар «ғажайып ертегілер бөлмесі» деп атайды.

2010 жылы наурыз айында фирма тағы да қайырымдылық көрсетіп, көптеген балаларды аяққа тұрғызатын Гросс тренажерін алып берді. Тренажерді ойлап тапқан өнертапқыш Юхан Гросс өзі келіп, «Балбұлаққа» құрылғысын құрып берді. БЦС-сы бар балаларды оңалту қозғалысымен емдеу — қайта қалпына келтіру жұмыстарының негізгі әдістерінің біріне жатады, әсіресе, осы жағдайда Гросс тренажерін қолданудың маңызы зор.

2014ж. қараша айында «Мэри Кей» компаниясы ЭЭГ-видеомониторинг дигностикалық құрал жабдығын сыйға тартты. «Дара» қайырымдылық қорынан қаржы бөлініп, барлық заманауи талапқа сай манежі мен ат қора  салынды. Олар 2 атты сыйлады. 2013ж. қарашасында иппотерапия бойынша сабақ жүргізе бастадық. Сара Алпысқызы Назарбаева, Алматы әкімі, «Дара» қайырымдылық қоры, «Мэри Кей», «Тянь-Ши» компаниясының және Ислам банкі көрсеткен көмектеріне баға жетпес!

Ислам банкі біздің орталығымыздың дамуы үшін бізге құны 50 мың АҚШ доллары тұратын жоғары технологиялық  құрал жабдықтарды сыйға тартты.

  1. ARTROMOT-Е жаттығу құралы иық буындарын енжар белсенділеу үшін — 1
  2. ARTROMOT-F жаттығу құралы білек буындарын енжар белсенділеу үшін — 1
  3. «Угол Кабина» жаттығу құралы -1
  4. Реабилитациялық велосипед үш дөңгелекті -1
  5. «Стрела» жүру жаттығу құралы -1
  6. Балалар вело жаттығу құралы — 2
  7. Балалар жүгіру жаттығу жолы – 2
  8. БОС компьютерлі стабилоанализаторы -1
  9. «Стабилан» — 1

 «Тяньши» фирмасы өкілдерінің біздің орталық балалары үшін демеушілік ретінде көрсеткен көмектері:

  1. Ересек жастағы балалар үшін арнайы орындық – 4
  2. Орта жастағы балалар үшін арнайы орындық – 3
  3. Трансформер серуендеу арбасы– 3
  4. Балаларды тамақтандыру үшін орындықтар – 20
  5. Уқалауға (массажға) арналған кереуеттер 5

Сонымен қатар жеке адамдарда орталық балалары үшін көп көмектерін берді. Дәлірек айтқанда ойыншықтар, фотоаппарат, кітаптар, суға арналған диспенсерлер сатып алып берген. «Дара» Қайырымдылық қоры әрдайым бізге демеушілік жасайды. Олар ҚазМемЦирк әртістерін әр ауысым сайын шақырып қойылым көрсетеді және қала ішінде экскурсияға шығарады. «Дара» кайырымдылық қоры 2012 жылдың қазан айында біздің 2 дәрігеріміздің Н.К. Туякова және А.А. Кизатова Украинаның Киев қ. Медициналық оңалту орталығындағы өткен кәсіби біліктілігін көтеретін курсты оқуға шыққан шығынды толығымен қамтамыз етті.

Орталықтың қызметкерлері ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады және орталық дамуы үшін бар күш жігерін салады

Орталықтың жетістіктері

20 жыл бойына біздің орталық  17738 баланы емдеген, оның ішінде 1-ден 16 жас аралығында  11095 бала реабилитациялық емделді. 2011ж. наурыз айына дейін  6643 ана сауықтырылған. Диспорт  2487  балаға салынған..

Кешенді оңалту жұмысында келесідей жетістіктерге қол жеткіздік:

  Өз бетінше жүрген – 251 емделуші

  Отыруға үйренгендер – 173 емделуші

  Көмекпен жүру  – 396 емделуші

  Тұруға үйренді — 242 емделуші

  Жеке дыбыстар айтқан – 1566 бала.

  Қарапайым сөздер айтқан  – 820 (17жыл бойына) балалар.

  Жай және күрделі сөйлем, қысқа сөздер –  1117 бала.

  10 жыл бойына дайындаған  ортездер   —    863  балаға, корсеттер   —    641 балаға.

Қорытындылай келе орталықтың жеткен жетістіктерінің барлығы бірлігі мен татулығы жарасқан ұжым мүшелерінің күш салуының арқасында, өз өмірін қайырымды жұмысқа, оңалту ісіне  арнаған адамдардың арқасында болған жетістік деп есептейміз. Орталықтың барлық мүшелеріне алғыс білдіре отырып, ұжымға жеткен жетістікпен тоқтамай одан әрі шығармашылық ізденісте болуларыңызды тілейміз!

Ұстазымыз Сара Алпысқызы Назарбаеваға ерекше ілтипат білдіре отырып, ол кісінің алдында бас иеміз. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрілігіне, Булекбаева Ш.А., Палтушева Т.П., Чемерис А.В., барлық әріптестер мен ғалымдарға, достарымызға және бізбен әрқашан бірге жүретін жандарға алғысымызды айтамыз!