Музыкатерапевт  маманының ашық  сабағы

            2019-шы жылдың  сәуір  айының  12-ші  жұлдызында   «Балбұлақ» республикалық  балаларды  оңалту  орталығында  Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің қызметкерлері және Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің студенттерінің қатысуымен музыкатерапевт  маманының  «Қазақ  халқының  ұлттық  аспаптары»  атты  лекция-концерт  түріндегі  ашық  сабағы  өткізілді. Сабақтың мақсаты:  балаларды музыка арқылы ұлтжандылыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке, ұлттық аспаптарды қастерлеуге, салт-дәстүрді сақтауға, жан-жақты ой-өрістерін арттыруға негізделген.

Орталықтың музыкатерапевт маманы Оспанов Б.Н. қазақ халқының музыкалық ерекшелігі туралы толық мағлұмат берді.

Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптары музейінің экскурсоводы Айдарханова Еленара домбыра, қылқобыз, жетіген, да-уылпаз, даңғыра, мүйіз, шаңқобыз, асатаяқ т. б. аспаптардың шығу тарихымен, жасалу жолдарымен, дыбыс ерекшеліктерімен қысқаша таныстырып өтсе, осы музейдің  тағы бір қызметкері Қуаныш Күлеш осы аспаптар туралы әртүрлі видео роликтер арқылы балаларға аспаптардың ойнау тәртібін көрсетіп және дыбыстарын тыңдатты.

Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің студенттері Өміржан Аружан мен Сарымсақова Ұлданай жетіген және қылқобыз аспаптарында түрлі музыкалық шығармалар орындап, балаларды тәнті етті.

Балалар аспаптармен қызыға танысты.

Сабақ барысында осы Орталықта ем алушы балалар да өз өнерлерін көрсетіп «Домбырасыз ән қайда» әнін орындады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *