«Балбұлақ» балаларды оңалту орталығы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының медициналық бөлім жөніндегі орынбасарының бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурстың өткізілу орны: 050010, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Керей – Жәнібек хандар,440.
Қоғам қызметінің негізгі мақсаты — жүйке жүйесі, сондай-ақ тірек-қимыл жүйесі патологиясы бар балалар мен жасөспірімдерді одан әрі дамытуды, қалпына келтіру емін жетілдіруді және медициналық оңалтуды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасында балалар мүгедектігін азайту.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары медициналық білім, сондай-ақ төмендегі талаптардың біріне сәйкес келу:
1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша басшылық лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);
2) Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) Өмірбаян (еркін түрде);
4) Кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) Жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) Балалар неврологы, педиатр, балалар оңалтушысы мамандығы бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаттары;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелері мен білімі туралы құжаттардың көшірмелері) ұсына алады.
Қатысушы «түпнұсқа» деп белгі қоя отырып, конкурстық өтінімнің түпнұсқасын конвертке салып жапсырады. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке мөрленеді.
Құжаттарды қабылдау мерзімінің басталуы – конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған күннен бастап есептеледі.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Керей – Жәнібек хандар көшесі, 440, телефон 8 727 271 62 24, электрондық пошта мекенжайы: balbulak.kz@list.ru.
Конкурсты өткізу күні — конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін 15 сәуір.
БОС ОРЫН !!!
«Балбұлақ» Балаларды оңалту орталығы» АҚ
ЖҰМЫСҚА ҚЫЗМЕТКЕРДІ ҚАБЫЛДАЙДЫ
- Дәрігер невропатолог (балалар)
- Педагогикалық-әлеуметтік оңалту бөлімінің меңгерушісі
- Тазалықшы палата (тәулік)
- Регистратор (медициналық білім)
- Күтуші (балалармен еріп жүретін)
Талап:
Тиісті мамандық бойынша медициналық білім.
Ұжымда жұмыс істей білу
Тел: 8 747 866 14 63
Мекенжай: Алматы қ., Медеу ауданы, Керей-Жанибек хандар к-сі, 440
