Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі

 

«Балбұлақ» балаларды оңалту орталығы» АҚ-да Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (бұдан әрі – ПҚжІБҚ) құрылып, жұмыс істейді. Қызметтің мақсаты – проблемалық мәселелерді анықтау және медициналық көмектің сапасын одан әрі жақсарту. ПҚжІБҚ-ның негізгі міндеттері:
• Пациенттердің сапалы әрі көлемі жағынан тиісті медициналық көмекті алу құқығын қамтамасыз ету және қанағаттанушылықтың мақсатты көрсеткішіне қол жеткізу;
• Пациенттерге көрсетілетін медициналық көмек технологияларын денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігін (клиникалық аудит) бағалау және міндетті түрде бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;
• Жұмыс барысындағы кемшіліктерді алдын алу және жоюға, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.

 

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне қашан жүгінуге болады?
Егер пациенттер, олардың туыстары немесе заңды өкілдері:
• Медициналық көмектің сапасына қанағаттанбаса;
• Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында көрсетілетін қызметтер үшін медицина қызметкерлері тарапынан ақша талап етілсе;
• Медициналық көмектің тәртібі мен сапасына байланысты басқа да мәселелер туындаса. Медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне байланысты даулы жағдайлар туындаған жағдайда, пациент, оның туыстары немесе заңды өкілдері жазбаша түрде өтініш (шағым) бере алады. Өтініштер орталықтың бірінші қабатында орналасқан өтініштер жәшігіне немесе орталықтың веб-сайтына: www.balbulak.kz жолданады. Өтініш келесі мекенжайға жолдануы тиіс:

 

«Балбұлақ» балаларды оңалту орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Тулекова Н.Д. атына.
Өтініште өтініш берушінің тегі, аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы (бар болса), сондай-ақ жауап қайтарылатын байланыс деректері көрсетілуі керек. Шағымда бөлімшенің атауы, лауазымы, әрекеттері шағымға ұшыраған тұлғалардың тегі мен аты-жөні, шағым себебі және талаптар нақты көрсетілуі тиіс. Анонимді өтініштер қаралмайды. Мазмұны түсініксіз немесе нақты мәселе баяндалмаған өтініштер де қарастырылмайды. Жазбаша шағымдармен қатар, орталық әкімшілігі ем алып жатқан пациенттер, олардың туыстары немесе заңды өкілдерінен ауызша шағымдарды да қабылдайды – жеке қабылдау кезінде немесе сенім телефоны арқылы: 7(727)2716485 Өтініштерді қарау тәртібі: ПҚжІБҚ шағымдарды өз құзыреті аясында қарайды:

 

• Өтініш объективті, жан-жақты және уақтылы қаралады;
• Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданады;
• Өтініш беруші оның өтінішінің нәтижесі мен қабылданған шаралар туралы хабардар етіледі;
• Өтініш 5 күнтізбелік күн ішінде қаралады.

 

Құрметті пациенттер, Сіздердің өтініштеріңіз, пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
Олар біздің орталықтағы медициналық көмектің сапасын жақсартуға көмектеседі!

Орталықта Пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейді. Пациенттерді қолдау қызметінің жұмысына жауапты – ПҚжІБҚ басшысы Жакупбекова Мағира Жолдасбекқызы. Пациенттерді қолдау мәселелері бойынша сенім телефондарына хабарласыңыз.

 

ТЕЛЕФОН ДОВЕРИЯ

7(727)2716485 ; 77015446622

Жұмыс күндері:

Дүйсенбі – Жұма

08.30 – 17.00