Дүниежүзілік денсаулық күні
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күн барлық адамдарға денсаулықтың өз өміріндегі маңызын түсінуін есіне салатындай. Спорт- денсаулықты жақсартудың ең пәрменді тәсілі екені өздеріңізге белгілі. Өйткені, біздің елімізде әрбір адам дені сау және бақытты болуы тиіс. Осыған орай 05.04.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық балаларды Оңалту Орталығында «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Күн, ауа және су — біздің ең жақсы досымыз!» атты Спартакиада ұйымдастырылды.
Осы спорттық іс-шараға барлық Орталық қызметкерлері белсене қатысты.
«Дені саудың- жаны сау!»
Орталық қызметкерлері салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында флешмоб- жаттығу ұйымдастырды.
«Балбұлақтағы» Денсаулық күні көтеріңкі көңіл-күй, спорт пен денсаулықтың мерекесіне айналды.