№ 3 Қосымша 

«Балбұлақ» РБОО емдеуге жатқызу  үшін қажетті құжаттар, тексерулер мен кеңестер тізімі:  

  1. стационарға емдеуге жатқызу жолдамасы (№ 001 – 3/е нысанды медициналық құжаттама);
  2. баланың туу туралы куәлігі, ата-аналар үшін — жеке куәлік, басқа ілесіп жүретін тұлғалар үшін жеке куәлігі және нотариалды куәландырылған сенімхат болуы шарт;
  1. санаториялық-курорттық карта;
  2. баланың зертханалық зерттеулері: қанының және зәрдің жалпы анализдері, ішек-құрт жұмыртқасына нәжіс талдауы 1 рет,  ішек – құрт жұмыртқаларына алынған сүрітінді 3– рет (10 күнге жарамды), BL жағындысы және дизентерия  тобына бактериологиялық  егу (1-айға  жарамды);
  1. биохимия АЛТ, АСТ, биллирубин, қант 7 жасқа дейінгі психикалық — сөйлеу дамуының тежелуі бар балалар үшін: мәнерлеп сөйлеудің бұзылуы, рецептивті сөйлеудің бұзылысы және тіл мен сөйлеудің дамуының басқа да бұзылыстары және неврозы бар науқастар үшін: транзиторлы тиктер, ұзақ созылмалы моторлық немесе  вокализм, вокализм мен көптеген моторлық тиктердің араласуы (синдром  Де Ля Туретта),  басқа да тиктер және тұтығулар (10 күнге жарамды);
  1. психиатр, фтизиатр, дерматолог қорытындысы;
  2. инфекциялық аурумен байланыста болмағандығы туралы анықтама, қоршаған ортадағы (үй,  бала бақша, мектеп, интернат)  эпидемиялогиялық аймақ туралы  анықтама  — 3 күнге жарамды;
  1. құралмен зерттеулер:

— ЭЭГ мониторинг (тырысулары бар болған жағдайда, эпилепсияда),

— ЭКГ  (психикалық және сөйлеу дамуы тежелуі бар балаларға, невроз тәрізді синдромы және тики

диагнозымен),

— МРТ, КТ, БУДЗ – зерттеулері  диагнозына сай,

— остеопорозды анықтау  үшін міндетті түрде қимыл-қозғалысы қиын және буындарының контрактурасы бар  БЦС шалдыққан балаларда денситометрияның  немесе сүйектің түтікшесінің R-графиясы керек,

—  қосымша диагнозын растайтын  құралмен жасалатын зерттеулер;

  1. Емделушінің (баланың) даму тарихынан барлық аурулары, профилактикалық егулер (егу паспортының көшірмесі), ағзаның ерекше реакциялары туралы толыққанды көшірме.

Емделушінің қамқоршысына:

  1. флюрография (24.02.2015 жылғы №128 бұйрық)
  2.  дерматолог анықтамасы.

Қосымша № 4

Бала күтіміне жауапты сүйемелдеуші тұлғалар үшін орталыққа жатуға қарсы көрсетілімдер тізбесі: 

  1. жүктілік 30 апта;
  2. өткір жұқпа аурулары ;
  3. созылмалы аурулар асқыну сатысында (қант диабеті, артериялық гипертензия, тиреотоксикоз және т.б.);
  4. жасы 60-тан асқан тұлғалар;
  5. психиикалық аурулары;
  6. іріңді тері және жұқпалы тері аурулары (қышыма, грибок аурулары және басқалары);
  7. эпилепсия.

Ескертпе:сүйемелдеуші тұлға аяқ киіммен және маусым бойынша киіммен, күнделікті аяқ киіммен (жабық), спорттық киіммен және дәретхана керек-жарақтарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Байланыс телефоны: 8 (727) 2716224 – қабылдау бөлімі,

Электрондық мекен-жайы: balbulak.kz@list.rubalbulak@med.mail.kz