Алғыс айту күні
01.03.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні және 1 наурыз алғыс айту күніне арналған «Алғыста шек болмайды» атты іс-шара өткізілді.
2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні — 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Алғыс айту күні, Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер — патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін алады. Бұл күні біз, ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, ата-аналарымызға, мұғалімдерімізге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз. Біз, бүгін, ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдары жазықсыз жапа шеккен қазақ халқының ұлдары мен қыздарына пана болған елдерге шексіз ризашылығымызды білдіреміз! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні — бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының жарқын көрінісіне айналды.
«Балбұлақ» РБОО директор орынбасары Е.У.Утемисов барлық балалар мен ата- аналарды, қызметкерлерді атаулы мерекемен құттықтады.
«Балбұлақ» оңалту орталығының «Нұр Отан» партиясының орынбасары Рахметуллаева Аймереке «Менің елім- Қазақстан» баяндамасын оқыды.
Рухулла Дина «Мерекелеріңізбен» әнін орындауда.
Балаларымыз Аманкулов Серік, Сейітжан Аяулым және Наскен Аяулым
«Өзбек биімен» өз құттықтауларын арнады.
Мереке соңында «Балбұлақ» орталығының педагогикалық бөлімінің меңгерушісі А.Жүнісова балаларды мерекемен және Утетляев Арсенді туған күнімен құттықтап, барлық балаларға сыйлықтар тапсырды.