Оңалту кімге керек?
Оңалту емі жүйке жүйесі аурулары немесе жарақат салдарынан туындаған физикалық, сөйлеу, когнитивтік немесе психикалық-эмоциялық дамуында бұзылыстар байқалған жағдайда қажет.
Егер балаңызда:
- сөйлеу, қимыл-қозғалыс немесе өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларының дамуы кешеуілдесе;
- қимыл-қозғалыс кезінде, жүргенде үйлесімділікті, тепе-теңдікті сақтауда қиналса;
- аяқ-қолы әлсіз, бұлшықет тонусы төмен болса немесе керісінше, шамадан тыс тырысуы байқалса;
- есту қабілеті бұзылса, психоэмоционалдық жағдайы немесе мінез-құлқында ауытқу байқалса;
- бассүйек-ми немесе жұлын жарақаттары салдарынан, сондай-ақ туа біткен патологиялары болса, невропатологқа немесе тиісті бейіндегі басқа маманға қаралуы қажет.
Қарап-тексеріп, диагнозын анықтағаннан кейін дәрігер баланың жағдайына байланысты оңалту курсын тағайындауы мүмкін. Оңалтуды уақытылы бастау — баланың жағдайын жақсартып, дамуын қолдауға үлкен мүмкіндік береді.
Орталықтың бөлімшелерінде 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға келесі неврологиялық патологиялар бойынша кешенді оңалту көмегі көрсетіледі:
- Сал ауруы (церебралды паралич)
- Бассүйек ішіндегі жарақат салдары
- Жұлын жарақаттының салдары
- Аяқ-қол нервтерінің жарақаттан кейінгі бұзылыстары
- Жекелеген нервтердің, нерв түбіршектері мен өрімдерін зақымдануы, полинейропатия
- Орталық жүйке жүйесінің қабыну ауруларынан кейінгі жағдайлар
- Салдану синдромы
- Ми қанайналымы бұзылуының салдары
- Жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары
- Сөйлеу мен тіл дамуының басқа бұзылыстары
- Психологиялық дамудың бұзылыстары
- Аутизм спектрінің бұзылыстары
- Нейросенсорлық мүкістік, кохлеарлы имплантациядан кейінгі жай-күй
- Даун ауруы
- Жүйке-бұлшықет синапсы мен бұлшықет аурулары
Баланы госпитализациялауға қарсы көрсетілімдер тізімі:
-
Әртүрлі шығу тегі жиі қайталанатын немесе ауыр қан кету.
-
Гемоглобин деңгейі 80 г/л төмен ауыр анемия.
-
Жалпыланған, жиі қайталанатын әртүрлі этиологиялы ұстамалар (соңғы 6 ай ішінде).
-
Жедел жұқпалы аурулар.
-
Туберкулездің барлық түрлерінің белсенді кезеңі (А 15,0-1, А 15,5, А15,7-9).
-
Қатерлі ісіктер (3-4 кезең).
-
3 градустан жоғары тыныс жетіспеушілігі.
-
Белгісіз фебрильді немесе субфебрильді қызба.
-
Күрделі ауыр қатар жүретін аурулардың болуы (соның ішінде 3 дәрежелі ақуыз-энергетикалық жеткіліксіз тамақтану).
-
Декомпенсация сатысындағы аурулар, соның ішінде түзетілмейтін метаболикалық аурулар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және т.б.).
-
Терінің іріңді аурулары, жұқпалы тері аурулары (қышыма, саңырауқұлақ аурулары және т.б.), трофикалық өзгерістер (төсек жаралары).
-
2 және одан жоғары сатыдағы ревматикалық процестің белсенділігі, гормондық терапияның болуы.
-
Анкилоз және тұрақты қайтымсыз контрактуралар.
-
Тұлғаның әлеуметтенуі бар психикалық аурулар (F00; F02; F03; F05; F10; F29; F63; 70; 79).
-
Вегетативті күй, апаллық синдром.
-
Күніне 2-3 сағат оңалту бағдарламасына белсенді қатысуға кедергі болатын басқа қатар жүретін аурулар болған кезде.
Ескертулер:
-
вегетативті күйдегі науқастарға паллиативтік көмек көрсету қызметі тағайындалады. Оңалту әлеуеті туындаған жағдайларда пациенттер халықаралық критерийлерге сәйкес медициналық оңалтудың тиісті сатыларына жіберіледі.
-
психикалық денсаулық орталықтарына өзіне және айналасындағыларға агрессивті эмоционалдық және мінез-құлық бұзылыстары диагнозы қойылған науқастар жіберіледі.
Күтушілерді госпитализациялауға қарсы көрсетілімдер тізімі:
-
21 аптадан асқан жүктілік.
-
Жедел аурулар.
-
Жедел кезеңдегі созылмалы аурулар (қант диабеті, артериялық гипертензия, тиреотоксикоз және т.б.).
-
Тәрбиешінің жасы 60 жастан жоғары.
- Психикалық ауру.
- Терінің іріңді аурулары, жұқпалы тері аурулары (қышыма, саңырауқұлақ аурулары және т.б.).
- Жиі ұстамалары бар эпилепсия.
Ескерту
Ілеспе адам маусымға сай аяқ киіммен және киіммен, сырғанамайтын аяқ киімді ауыстырумен (жабық), спорттық киіммен, гигиеналық керек-жарақтармен қамтамасыз етілуі керек.
