«Ауыз қуысының гигиенасы»

Дүние жүзілік Денсаулық күні қарсаңында 2019 жылы 9-10 сәуірде С.Д. Асфендияров атындағы ҚазМҰУ балалар арасындағы стоматология кафедрасының кафедра меңгерушісі  м.ғ.д. профессор Ерлеуханова Г.Т., мұғалімдері: Кайкенова С.Е.,Калиева З.Р., Коробкина Т.В., Дурумбетова М.М. мен магистранты Еркебаева Ж.У. «Балбұлақ» балалар оңалту орталығында ем алушы балаларға «Ауыз қуысының гигиенасы» жөнінде әңгіме ұйымдастырып, тіс тазалау дағдыларын қалыптастыру мақсатында  тіс  пастасын, тіс щеткасын дұрыс қолдануды үйретіп, тіс жегіні болдырмауға ақыл- кеңес берілді.

Студенттерді «Балбұлақ» балалар оңалту орталығымен таныстыру кезінде орталықтың тіс дәрігері Күрішбаева Б.Т. жүйке жүйесінде психикалық бұзылыстары бар мүмкіндігі шектеулі балаларға стоматологиялық көмек көрсетудің оңалту кезіндегі ерекшеліктері туралы: тіс жегіні болдырмау шараларын,  дұрыс тамақтану, тәтті тағамдарды артық қолданбау т.б. толық ақпарат берді.

Ауыз қуысын сауықтыру мақсатында балаларға арналған «Мен тісімді жуамын» атты театралды қойылым қойылды.  Қойылым әрбір баланың танымдық қабілетін арттырып, тісті дұрыс жууға машықтандырды.

Қойылым соңында барлық балаларға «Colgate» тіс пастасы мен щеткасы, ата-аналарға арналған нұсқаулықтар сыйға таратылды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *