«Нұр  Отан» партиясының ХVІІІ съезі

04.03.2019ж.  «Балбұлақ»  РБОО-да  «Нұр  Отан» партиясының ХVІІІ съезінде  айтылған  өзгерістер  мен  жаңалықтарды  талқылау  үшін  жиналыс  өткізілді.Жиналыс кезінде «Балбұлақ » РБОО-дағы «Нұр Отан»партиясының төраға орынбасары Рахметуллаева Аймереке партияның 20 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, осы күнге дейінгі партияның жетістіктерімен бөлісті.Жалпы медицина саласындағы жетістіктерге тоқталсақ,1400 заманауи аурухана, емхана мен амбулаториялар салынды.

РБОО «Балбұлақ» ұжымы

«Нұр  Отан»  халықтық  партиясының «Балбұлақ»  РБОО төраға орынбасарыРахметуллаева А.А. ХYІІІ съезінде айтылған  жаңалықтарымен  таныстыру  үшін «Нұр Отан XYIII сьезі» атты баяндама  оқыды.Баяндамада: халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында қабылдаған біршама шешімдер ұжымға таныстырылды. Мысалы, 2019 жыл Жастар жылы болып қабылданды.Жастардың білім алуына, шет елдерде тәжірибе алмасуына жағдай қарастырылып,мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлінді.Жас және жағдайы төмен отбасыларға, көп балалы аналарға, отбасыларға, мүгедек балаларға көмек  көмек көрсетуі мақсатында «Бақытты отбасы», «Құтты мекен» бағдарламалары дайындалып ,бюджеттен 2019-2021 жылға 300 миллиард теңге қаражат берілді.Медицина саласына қосымша 120 миллиард теңге бөлініп, жалақы  көлемін 25-30%-ғакөтеру көзделіп отыр.

«Балбұлақ» РБОО ұжымы «Нұр Отан» партиясының XYIIIсьезінде айтылған  мәселелерді талқылау үстінде

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *