Дөңгелек үстел

14 наурызда 2019ж. «Балбұлақ» РБОО-да  Алматы қаласының дәрігер неврологтары, педиатрлары мен ЖТД үшін соматикалық денсаулық мәселелері мен БЦС ауруына шалдыққан балаларды оңалтуға дайындау мақсатында «Жүйке жүйесі зақымдалған балалардың соматикалық мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара «Балбұлақ» РБОО мен ҚБ «Невролог лигасы -ҒТО «Смағұл Кайшибаев атындағы неврология Институты», С.Асфендияров атындағы ҰМУ нейрохирургия циклы мен жүйке аурулары кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырылды.

ҚазҰМУ нейрохирургия циклымен жүйке аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры, м. ғ. к., тәуелсіз аккредиттелген сарапшысы Мухамбетова Г. А. баяндамасы.

 РБОО «Балбұлақ» директоры, профессорАльтаев МухтарЖаксыбаевич талқыланып отырған тақырыптың өзектілігін негіздей отырып, қатысушыларға алғы сөзін арнады.

Директор орынбасары Өтемісов Е. У. «БЦС бар балалардың денсаулық жағдайы»  баяндамасында халықаралық зерттеулер мен РБОО «Балбұлақ» деректеріне сүйеніп, балалардың соматикалық денсаулық жағдайының  көрсеткіштерімен таныстырды.

Бөлім меңгерушісінің, жоғарғы санаттағы дәрігер Варзина Т. В.  баяндамасында нерв жүйесінің зақымдануы бар балаларды кешенді оңалту жұмысындағы көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдері айқын көрініс алды.

 Конференциядан кейін дәрігерлер жұмыс кабинеттерімен,оңалту құрал-жабдықтарымен танысып, Орталықтағы  ұсынылатын оңалту әдістерін белсенді талқылады.

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *