Астана күні

        5.07.2018ж. «Балбұлақ» РБОО-да Астана күніне арналған «Астана- бас қала!»  атты мерекелік іс- шара өткізілді.   Бұл іс- шараға Орталық қызметкерлері, балалар мен ата- аналар белсенді қатысты. Мерекелік концертте балалар елордасы Астананы  мерейтойымен құттықтап, өз өнерлерін паш етті. Мереке суреттер байқауымен жалғасын тапты.

Толығырақ

Зообаққа саяхат

             04.07.2018ж. күні еліміздің бас қаласы Астана күні мерекесі қарсаңында Астананың 20 жылдық мерейтойына арнап «Балбұлақ» оңалту орталығының әкімшілігі Алматы қаласының Медеу ауданының «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі балаларға Орталық зообаққа саяхат ұйымдастырды.

Толығырақ

Балаларды қорғау күні

                     2018 ж. 1маусым күні «Балбұлақ» оңалту орталығының шаңырағында «Балбұлақ» оңалту орталығы мен Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығының  ұйымдастыруымен «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік іс- шара өткізілді.

Толығырақ

«Көңілді витаминдер» атты ашық сабақ

                    18.05.2018 жылы «Балбұлақ» оңалту орталығында дефектолог және  Монтессори терапия мамандарының  ұйымдастыруымен «Көңілді  витаминдер» атты ашық сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: балалардың  витаминдер  туралы  түсінігін  қалыптастырып, витаминдердің  пайдасы  туралы  ақпарат  беру. Ашық сабақты орталық қызметкерлері мен барлық ата-аналар тамашалады.

Толығырақ

«Чинтамани» қуыршақ театры

                    17.05.2018ж.  «Балбұлақ»  оңалту орталығына көңілді қуыршақ театры «Чинтамани» ( Лебедь Т.,Мулдабекова Р., Антипов Р., Мирошников Д.)  «Гопала» қойылымымен қонаққа келіп, балаларға көтеріңкі көңіл- күй сыйлады. Қойылым соңында театр әртістері балалармен ойын ойнап, алма үлестірді.

«Гопала» қойылымы

Балалар көріністі тамашалауда

Балалармен «Жаңбыр» ойыны

Ойынға белсене қатысқан балаларға алма таратылды

Балалар  қуыршақ театр кейіпкерлерімен ойнады

Қуыршақ театры мен балалардың естелік суреті

Неврологияда «Диспорт» препараты қолдануының теориясы мен практикасы» тақырыпты мастер-класс

                2018 жылғы 20-21 сәуір аралығында «Ипсен Фарма» фирмасы «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығы» базасында, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Л. Куренковтың (Ресей Федерациясы, Волгоград қаласы) қатысуымен, неврологияда «Диспорт» препараты (А типті ботулиндік токсині) қолдануының теориясы мен практикасы» тақырыпты мастер-класын өткізді.

Толығырақ

Астана- адалдық алаңы

                      «Астана- адалдық алаңы» атты жоба шеңберінде 18.04.2018 ж. «Балбұлақ» орталығы, өз үлесін қосу мақсатында көпбалалы, жүйке жүйесінің психикалық ауытқуы мен қимыл-қозғалыс мүмкіншілігі шектеулі балалары бар бес отбасына азық-түлік, балалардың оқып-жазуына қажет кеңсе тауарлары бар сөмкелер дайындады.

Толығырақ

Ата-аналардан сыйлықтар

13.04.2018 ж. «Балбұлақ» РБОО-дағы осы ауысым ата- аналары спонсорлық көмек ретінде Орталыққа сағат, балаларға түрлі ойыншықтар:  доп, машина, ыдыс- аяқ, тенннис; емдік дене шынықтыру залына қол- аяққа арналған ауырлатқыш құралдарын сыйлады.

Толығырақ

«Наурыз жыл басы!»  атты мерекелік іс-шара

«Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығында  20.03.2018 ж. «Наурыз жыл басы!»  атты мерекелік іс-шара өткізілді. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Толығырақ
1 2 3