«Көңілді витаминдер» атты ашық сабақ
18.05.2018 жылы «Балбұлақ» оңалту орталығында дефектолог және Монтессори терапия мамандарының ұйымдастыруымен «Көңілді витаминдер» атты ашық сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: балалардың витаминдер туралы түсінігін қалыптастырып, витаминдердің пайдасы туралы ақпарат беру. Ашық сабақты орталық қызметкерлері мен барлық ата-аналар тамашалады. Сабақтың соңында педагогикалық қызметтің меңгерушісі Жүнісова А.Ж. барлық балаларға дәрумендердің пайдасы туралы айтып өтіп, балалар мен ата- аналарына қатысқандары үшін алғыс білдірді.
Жүргізушілер дефектолог маманы А.М.Колдабаева мен психолог Э.К.Надырова балаларға витаминдер туралы ақпарат берді
Балалар витаминдер рөлінде ойнап, әр витамин өзі туралы ақпарат беріп өтті. «А» дәрумені- Арыстанбаева Алима, «В» дәрумені- Сұлтан Әділжан, «С» дәрумені- Тукенов Жігер, «Д» дәрумені- Ибадулла Асылбек, «Е» дәрумені- Исақожа Тұрарбүбі.
Жемістер шеруі: балалар қай жемісте қандай витаминдер болатыны туралы айтып берді
«Кім жылдам» ойыны жүргізілді. Балалар жұптан екі командаға бөлініп жарысты. Бірінші топта: Сұлтанұлы Қуаныш пен Арыстанбаева Алима, ал екінші топта Сұлтан Әділжан мен Тукенов Жігер қатысты. Жеңімпаз анықталып, балаларға алғыс айтылды
Балалардың қол моторикасы дамыту және түстерді топтастыру үшін «Дидактикалық тасбақа» модулінің «Ашық алаңқайды безендір» жабындысы арқылы балалар бастырманы жабыстыруға машықтанды
Балалар «Көктем» биін биледі.
Биші қыздар: Өміржан Нұрай , Ержанова Дария, Нұрбай Аружан, Арынгазиева Бибісұлу, Садыкова Алиша, Әбілхан Сезім, Исақожа Тұрарбүбі, Әділбек Майра.
Әуенді ұрмалы аспаптармен сүйемелдегендер: Медерқұл Мұхаммедқали, Нарматов Искандер, Оразхан Эмирхан және Смирнов Тимур
Ашық сабақ соңында педагогикалық бөлім меңгерушісі А.Ж.Жүнісова белсене қатысқан балаларды мадақтап, ашық сабаққа көмектескен ата-аналарға алғыс айтып, Әділбек Майраның анасы- Қуатбекова Дильфуза мен Сұлтан Әділжанның әпкесі- Дүйсен Айданаға мақтау қағаздарын тапсырды