Неврологияда «Диспорт» препараты қолдануының теориясы мен практикасы» тақырыпты мастер-класс

                2018 жылғы 20-21 сәуір аралығында «Ипсен Фарма» фирмасы «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығы» базасында, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Л. Куренковтың (Ресей Федерациясы, Волгоград қаласы) қатысуымен, неврологияда «Диспорт» препараты (А типті ботулиндік токсині) қолдануының теориясы мен практикасы» тақырыпты мастер-класын өткізді.                     Оқытуға «Балбұлақ» орталығының, қала және республика медициналық ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Алексей Львович Куренков өзінің мастер-класын церебралды паралич ауруы бар балаларды емдеудің, олардың спастикалық күйін бақылаудың қазіргі замағы технологияларына, навигациялық құралдарды, соның ішінде ультрадыбыстық бақылауды, электронейромиографты, тағы да басқа құралдарды қолданудың қажеттілігіне арнады. Мастер-класс соңында Диспорт препаратын клиникалық практикада қолдануға рұқсат беретін сертификаттар берілді.

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *