Астана күні
5.07.2018ж. «Балбұлақ» РБОО-да Астана күніне арналған «Астана- бас қала!» атты мерекелік іс- шара өткізілді. Бұл іс- шараға Орталық қызметкерлері, балалар мен ата- аналар белсенді қатысты. Мерекелік концертте балалар елордасы Астананы мерейтойымен құттықтап, өз өнерлерін паш етті. Мереке суреттер байқауымен жалғасын тапты.
Мерекені Орталық директоры Мұхтар Жақсыбайұлы Әлтаев құттықтау сөзімен ашып, 20 жасқа толған Астанамыздың көркеюін, балаларымыздың бақытты болуын тіледі.
Бұл күнгі шырқалар әніміз, өлең- жырымыз бен биіміз Астанаға арналды.
Балалардың орындауында «Флешмоб».
Мереке балалар мен ата- аналарға жақсы көңіл- күй сыйлады.