Балаларды қорғау күні
2018 ж. 1маусым күні «Балбұлақ» оңалту орталығының шаңырағында «Балбұлақ» оңалту орталығы мен Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығының ұйымдастыруымен «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік іс- шара өткізілді. Айтулы мерекеге Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы Отыншиев Мейиржан Батырбекұлы және Медициналық-әлеуметтік мекемелер жұмыс бөлімі басшысы Рыскулова Нуржамал Орынбековна қатысып, балаларға ізгі тілектерін жолдады. Кеште қазақ эстрада жұлдыздары, «Балдырған балалар театры», Алматы қаласының Оқушылар сарайының өнерлі балалары мен аталмыш орталықтан ем алушы балалар өз өнерлерін паш етті. Сондай- ақ, мерекеде осы орталықтарда ем алушы балалардың қолынан шыққан қол өнер бұйымдарының көрме- жәрмеңкесі барша қауымды таңқалдырды. Бұл күні балаларға арналып жайылған дастархан мен тәтті балмұздақ, балаларға таныс түрлі ертегі кейіпкерлері (аниматорлар) балаларға керемет көңіл- күй сыйлады. Балалар мерекесіне қолдау көрсеткен демеушілеріміз «Баян сулу» Алматы филиалына, «Өте дәмді» кондитерлік фабрикасына, «Инмарко», «Макdоnaldс» компанияларына, ЖШС «Сарыозексервис», №5 перзентханадағы достарымызға алғысымыз шексіз!
Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы Отыншиев Мейиржан Батырбекұлының құттықтауы
«Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығының директоры Альтаев Мұхтар Жақсыбайұлының құттықтауы
Алматы қаласының психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға арналған күндіз болу орталығының директоры Алимбекова Нурзия Агабекқызының құттықтауы
«Балдырған» балалар театрының «Мейірімді қасқыр» ертегі қойылымын балалар зор ынтамен тамашалады
Оқушылар сарайының «Жібек жолы» бишілер тобының орындауында «Қазақ» биі!