Зообаққа саяхат

             04.07.2018ж. күні еліміздің бас қаласы Астана күні мерекесі қарсаңында Астананың 20 жылдық мерейтойына арнап «Балбұлақ» оңалту орталығының әкімшілігі Алматы қаласының Медеу ауданының «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі балаларға Орталық зообаққа саяхат ұйымдастырды.

Көңіл- күйіміз керемет!

Педагогикалық бөлім меңгерушісі А.Жүнісова осы күні туылған Мамытбай Нұрсұлтанды саябақта туған күнімен құттықтап, естелік сыйлық табыстады.

Балалар зообақта су асты жәндіктерін де тамашалады.

Орталықтың педагогикалық бөлім меңгерушісі А.Жүнісова Хабар24 арнасына сұхбатында осы саяхаттың балалардың психо- эмоционалдық қалпына тигізер пайдасы туралы айтып өтті.

Осы саяхатты ұйымдастыруға белсенді ат салысқан «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалының Қоғамдық кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша төрағасының орынбасары  Сағымбеков Слямхана Мұқатайұлына үлкен алғысымызды білдіреміз!

Еліміздің әр аймағынан келген ата-аналар мен балалар табиғат аясында аңдар мен құстарды тамашалап, үлкен әсер алды. Бұл саяхат барлық балаларға керемет  көңіл- күй сыйлады.                                                          

 

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *