Жаңа жылдық ертеңгілік
25.12.2019 жылы «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығында «Жаңа жыл, жаңа жыр!» атты балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті.
25.12.2019 жылы «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығында «Жаңа жыл, жаңа жыр!» атты балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті.
Алғаш рет Қазақстанда Церебралды сал ауруы бар балаларға ботулинум токсинді (Диспорт) «Балбулақ» Орталығының алғашқы бас дәрігері, профессор, м.ғ.д., ҚР бас реабилитологы жоғары санатты балалар невропатологы Бөлекбаева Ш.А. қатысуымен клиникалық тәжірибеде қолданды.
Ботулинум токсинімен емдеу бойынша мамандардың Қоғамдық бірлестігі және француз фармацевтикалық компаниясы «Бофур Ипсен Интернасиональ» РБОО «Балбулақ» ұжымына Қазақстан Республикасына ботулинум терапиясын дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.
13.12.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиын өткізілді.
12.12.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында Дефектолог және Монтессори педагог мамандарының «Қысқы саяхат» тақырыбында ашық сабағы өткізілді. Ашық сабақпен тұспа- тұс келген 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тірегім» мерекелік концертіне балалар белсене қатысты.
2019 жыл 11 желтоқсанда РБОО «Балбұлақ» Денсаулық Сақтау Жоғары Мектебімен бірлескен қазақстандық және қытайлық жетекші мамандардың қатысуымен Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарының бірінші басшыларына арналған шеберлік сабағын өткізді. Қытайлық әріптес Лин Циньюн мырзаның (ҚХР, Шэньчжэнь қаласы) сөзінен кейін қазақстандық әріптестер «Балбулақ» Орталығының алдыңғы қатарлы әдістерімен танысты, шеберлік сабақ барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасындағы оңалту мәселелері бойынша сұрақтарды талқылады.
29.11.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында Қазақстан Республикасының «Тұңғыш Президент» күніне арналған салтанатты мерекелік іс –шара өткізілді. Ауысымның ашылу салтанатымен тұспа- тұс келген «Ұлт көшбасшысы» мерекелік концертіне балалар белсене қатысты.