Дефектолог және Монтессори педагог мамандарының  «Қысқы саяхат» тақырыбында ашық сабағы өткізілді

     12.12.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында  Дефектолог және Монтессори педагог мамандарының  «Қысқы саяхат» тақырыбында ашық сабағы өткізілді. Ашық сабақпен тұспа- тұс келген 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған  «Тәуелсіздік тірегім» мерекелік концертіне балалар белсене қатысты.

      16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні. ҚР Тәуелсіздік күні- басты ұлттық мереке. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі Тәуелсіздік туралы заңы қабылданды. КСРО ыдырағаннан кейін Республиканың егемендігі Кеңес Социалистік Республикасы одақтан өзінің мемлекеттік егемендігін посткеңестік кеңістікте соңғы болып жариялады. Тәуелсіздік- ең басты  құндылығымыз.

Жүргізушілер: Монтессори педагог: Олжабай Ә.С.,

дефектолог-  Сарыева А.У.

«Қазақ» биін Мұратқызы Динара, Жолдыбай Жансая, Абдикаримова Дильноза, Сарыбай Аяжан, Кенжесова Диляра орындады.

Балалар «Балбұлақ» және «Балдырған» командаларына бөлініп,

«Қар жина» ойынын қызығушылықпен ойнады.

Батырбек Заңғар мен Сәрсенбай Раяна «Пішіндерді жинау» модулімен жұмысын көрсетті.

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *