Жаңа жылдық ертеңгілік
25.12.2019 жылы «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығында «Жаңа жыл, жаңа жыр!» атты балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті.
Барлық ата-аналар мен балаларды келе жатқан жаңа жыл мейрамымен шын жүректен құттықтап, отбасыларыңызға бақыт, шаттық, деңсаулық тілейміз!
Жүргізушілер: Тәрбиеші-педагог:Жуматова Г.К.
Психолог: Дәулетқан Б.А.
«Балбұлақ» оңалту орталығының Директоры Альтаев М.Ж. ата- аналар мен балаларды келе жатқан жаңа жыл мейрамымен құттықтап, жылы лебіздерін жолдады!
Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін сайқымазақтар келді.
Сайқымазақтар: Нұрсұлтанұлы Алижан, Ибрагимов Бақытжан, Бектұрлы Бердияр.
Алаяқ мысық Базилио мен қу түлкі Алиса өздерінің қулықтарын асыру үшін балаларды алдамақшы болды. Базилио мысық — дефектолог Сарыева А.У.
Алиса түлкі- әлеуметтік педагог Назиркулова Б.К.
Сүйкімді ергежейлілер өздерінің билерімен ертеңгілігіміздің сәнін келтірді. Ергежейлілер: Бақытбек Алихан, Аскаров Ахилес, Еділ Жылкелді, Бақытнұр Әділ, Құралбай Нұрдәулет.
Аяз ата мен Ақшақар барлық балаларды жаңа жылдарымен құттықтай отырып, келер жыл табысты, берекелі, мейірімге, жылулыққа толы жыл болуын тіледі. Әкімшілік атынан Аяз ата сыйқырлы қоржынынан сыйлықтар таратып, балаларды қуантты!