Ризашылық хат
Алғаш рет Қазақстанда Церебралды сал ауруы бар балаларға ботулинум токсинді (Диспорт) «Балбулақ» Орталығының алғашқы бас дәрігері, профессор, м.ғ.д., ҚР бас реабилитологы жоғары санатты балалар невропатологы Бөлекбаева Ш.А. қатысуымен клиникалық тәжірибеде қолданды.
Ботулинум токсинімен емдеу бойынша мамандардың Қоғамдық бірлестігі және француз фармацевтикалық компаниясы «Бофур Ипсен Интернасиональ» РБОО «Балбулақ» ұжымына Қазақстан Республикасына ботулинум терапиясын дамытуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.