Тәуелсіздік күні

13.12.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиын өткізілді.

«Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығының директоры Альтаев М.Ж. ұжымды келе жатқан мерекелерімен құттықтап, ерен еңбегімен көзге түскен қызметкерлерді марапаттады.

Орталықтың бас мейірбикесі Кантбекова А.Р. мен диетолог Полякова Г.М.

«Денсаулық ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Ұжымдастарымыз Кәсіподақ федерациясы мен «Нұр Отан» партиясының мадақтамаларымен марапатталды.

Салтанатты іс- шараның соңында ұжымдастармен қосыла шырқалған Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні патриоттық рухымызды күшейте түсті.  Іс-шара жоғары дәрежеде өтті.

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *