Наурыз мерекесі

19.04.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында  Наурыз мерекесі тойланды. Бұл мерекеде ән айтылып, күй тартылып,  әр бөлім ауылға бөлініп, мерекелік дастархан басында қазақтың ұлттық салт- дәстүрлері көрсетілді. Мереке жүргізушілері «ТТТ» театрының актерлары Асылбек Боранбаев пен Марат Көккөзов өз әзілдерімен келген қонақтар мен ұжымдастардың көңілін көтерді.

Толығырақ

Музыкатерапевт  маманының ашық  сабағы

            2019-шы жылдың  сәуір  айының  12-ші  жұлдызында   «Балбұлақ» республикалық  балаларды  оңалту  орталығында  Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің қызметкерлері және Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің студенттерінің қатысуымен музыкатерапевт  маманының  «Қазақ  халқының  ұлттық  аспаптары»  атты  лекция-концерт  түріндегі  ашық  сабағы  өткізілді. Сабақтың мақсаты:  балаларды музыка арқылы ұлтжандылыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке, ұлттық аспаптарды қастерлеуге, салт-дәстүрді сақтауға, жан-жақты ой-өрістерін арттыруға негізделген.

Толығырақ

«Ауыз қуысының гигиенасы»

Дүние жүзілік Денсаулық күні қарсаңында 2019 жылы 9-10 сәуірде С.Д. Асфендияров атындағы ҚазМҰУ балалар арасындағы стоматология кафедрасының кафедра меңгерушісі  м.ғ.д. профессор Ерлеуханова Г.Т., мұғалімдері: Кайкенова С.Е.,Калиева З.Р., Коробкина Т.В., Дурумбетова М.М. мен магистранты Еркебаева Ж.У. «Балбұлақ» балалар оңалту орталығында ем алушы балаларға «Ауыз қуысының гигиенасы» жөнінде әңгіме ұйымдастырып, тіс тазалау дағдыларын қалыптастыру мақсатында  тіс  пастасын, тіс щеткасын дұрыс қолдануды үйретіп, тіс жегіні болдырмауға ақыл- кеңес берілді.

Толығырақ

Цирк қойылымы

07.04.2019ж. «Балбұлақ» РБОО әкімшілігі Қазақ Мемлекеттік Цирк әртістерімен  цирк қойылымын  ұйымдастырды.

Толығырақ

Дүниежүзілік денсаулық күні

7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күн барлық адамдарға денсаулықтың өз өміріндегі маңызын түсінуін есіне салатындай. Спорт- денсаулықты жақсартудың ең пәрменді тәсілі екені өздеріңізге белгілі. Өйткені, біздің елімізде әрбір адам дені сау және бақытты болуы тиіс. Осыған орай 05.04.2019ж. «Балбұлақ»  Республикалық балаларды Оңалту Орталығында «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Күн, ауа және су — біздің ең жақсы досымыз!» атты Спартакиада ұйымдастырылды.

Толығырақ