Наурыз мерекесі
19.04.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында Наурыз мерекесі тойланды. Бұл мерекеде ән айтылып, күй тартылып, әр бөлім ауылға бөлініп, мерекелік дастархан басында қазақтың ұлттық салт- дәстүрлері көрсетілді. Мереке жүргізушілері «ТТТ» театрының актерлары Асылбек Боранбаев пен Марат Көккөзов өз әзілдерімен келген қонақтар мен ұжымдастардың көңілін көтерді.
Күллі шығыс халқының мерейін өсіріп, бар болмысын айшықтайтын қасиетті- Наурыз мерекесі елімізге бейбітшілік, тыныштық, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Педагогикалық бөлім меңгерушісі Жүнісова А.Ж. педагог мамандарымен «Наурыз -көктем» әнін әуелетті.


«Ынтымақ» ауылы қазақ халқының «Бесікке бөлеу» дәстүрін көрсетті.

Бұл мереке әркімге көктемнің шуағындай көңіл- күй сыйлады.
Наурыз құтты болсын ағайын!!!
