«Арман» кинотеатрына сапар

11.08.2019ж. «Балбұлақ» РБОО  әкімшілігі мен демеушілердің ұйымдастыруымен Орталықта ем алушы балалар мен ата- аналар «Арман» кинотеатрына барып, «Дора  және жоғалған қала»  атты анимациялық филімін тамашалады.

Толығырақ

Дөңгелек үстел

02.02.2013 жылы «AРДИ» ҚҰ-да пациенттердің ата-аналары мен үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Л.М. Актаева, Министрдің кеңесшісі Г.Бидатова және медициналық ұйымдар мен білім беру жетекшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. «Балбұлақ» РБОО атынан директордың орынбасары Е.У. Өтемісов балаларды сауықтырудың мәселелері мен проблемалары және оларды шешу жолдары туралы баяндама жасады.

Толығырақ

Қайырымдылық іс-шарасы

17.07.2019ж. Алматы қаласының «Goldеn  Hands»  cұлулық салонының шеберлері «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығына келіп, ем алушы балалар мен ата- аналардың шаштарын қиып, қайырымдылық көмек көрсетті.

Толығырақ

Арыс қаласына көмек

           «Балбұлақ» РБОО ШЖҚ РМК  қызметкерлері 27-маусым  күні Түркістан облысының Арыс қаласындағы болған жарылыстардың салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында біркүндік жалақылары аударылды.

Толығырақ

Мастер класс

             26 мамыр 2019 жылы «Балбұлақ»оңалту орталығында қызметкерлер үшін Қазан Мемлекеттік медициналық институты неврология және нейрохирургия кафедрасының профессоры,  м. ғ. д., Татарстан Республикасының (РесейФедерациясы) бас реабилитологы В. А. Исановамен жаңа әдістемелер бойынша «Атлант»оңалту пневмокостюмы мен нейро-ортопедиялық құрылғылар пайдалану мастер- классы өткізілді.

Толығырақ

Білім жетілдіру курстары

7-11 мамыр 2019 ж. «Балбұлақ» Республикалык балалар оңалту орталығы психоневрология бөлімшесінің дәрігерлері, Көреген Ғ.Т., Егембердиева С.Е.  Испания, Аликанте қаласында «Нейрометаболикалық бұзылыстар» және «Эпилепсия» тақырыптарында өткен білім жетілдіру курстарында.

Балаларды қорғау күні

          2019 ж. 30 мамыр күні «Балбұлақ» оңалту орталығында 1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Біз бақыттыбаламыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.Мерекенің салтанатты ашылуы орталықтың директоры Альтаев Мұхтар Жақсыбайұлының құттықтау сөзімен басталды.Мерекеде қазақ эстрада жұлдыздары, «Сезім триосы», «Жақсылық ордасы» еріктілер тобы балаларға таныс түрлі ертегі кейіпкерлері (аниматорлар) балаларға керемет көңіл күй сыйлады.Іс шара балалардың орындауындағы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Сондай- ақ, мерекеде осы орталықта ем алушы балалардың қолынан шыққан қол өнер бұйымдарының көрме- жәрмеңкесі барша қауымды таңқалдырды.Мерекенің соңында «Рахат» және  «Өте Дәмді» кондитерлік фабрикалары  балаларды өзінің тәттілерімен қуантты.

Толығырақ

Жеңіс күні

9 мамыр Жеңіс күні мерекесінің қарсаңында 08.05.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында «Жеңіс күні» атты балалардың қатысуымен  мерекелік концерт өткізілді. Концертте балаларҰлы Жеңіске 74 жыл толуына орай өлең жолдарын, ән, билерін арнады.

Толығырақ

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

«Рухани жаңғыру» бадарламасы аясында, 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесін тойлау қарсаңында 30.04.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында «Достық қымбат өмірде» атты психолог маманының ашық сабағы өткізілді. Бұл сабақта ұлт аралық достық, ынтымақ, бірлік туралы ұғым берілді.

Толығырақ

Наурыз мерекесі

19.04.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында  Наурыз мерекесі тойланды. Бұл мерекеде ән айтылып, күй тартылып,  әр бөлім ауылға бөлініп, мерекелік дастархан басында қазақтың ұлттық салт- дәстүрлері көрсетілді. Мереке жүргізушілері «ТТТ» театрының актерлары Асылбек Боранбаев пен Марат Көккөзов өз әзілдерімен келген қонақтар мен ұжымдастардың көңілін көтерді.

Толығырақ
1 2 3 4