Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
«Рухани жаңғыру» бадарламасы аясында, 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесін тойлау қарсаңында 30.04.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында «Достық қымбат өмірде» атты психолог маманының ашық сабағы өткізілді. Бұл сабақта ұлт аралық достық, ынтымақ, бірлік туралы ұғым берілді.
01.05.2019ж. Орталық әкімшілігі емделуші балалар мен ата- аналарды Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры мен Ыхылас атындағы халық музыкалық аспатар музейіне апарды. Қуыршақ театрында балалар «Арыстанның үрейін қалай емдейміз?» атты қойылым тамашалап, қойылым кейіпкерлерімен көңілді ойындар ойнады. Осы күні балалар мен ата- аналар 28- Панфиловшылар атындағы саябақта серуендеп, музыкалық аспатар музейін аралап, 1 мамыр Қазақстан халқының бірлік күніне арналған концерт тамашалады.
«Қазақстан- көп ұлтты, біртұтас мемлекет».
Достығымыз жарасқан бақыттымыз бәріміз!
Балалар үлкен тақтаға сурет салып, 1 мамыр- Бірлік күнімен құттықтау тілектерін қалдыруда.
Балалар қуыршақ театрында ертегі кейіпкерлерімен ойын ойнап, көңіл көтеруде.
Халық музыкалық аспатар музейіндегі экскурсия.
Қазақ, армян халықтарының өнер иелерінің концертінен көрініс.
Балалар 28 Панфиловшылар атындағы саябақта серуендеп, бейбітшілік символы -көгершіндерді тамақтандырды.
Мереке жоғары дәрежеде өтті!