Жеңіс күні

9 мамыр Жеңіс күні мерекесінің қарсаңында 08.05.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында «Жеңіс күні» атты балалардың қатысуымен  мерекелік концерт өткізілді. Концертте балаларҰлы Жеңіске 74 жыл толуына орай өлең жолдарын, ән, билерін арнады.

Орталық директоры Альтаев М.Ж. барлық балаларды, ата- аналар мен қызметкерлерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, елімізге тыныштық, бейбітшілік, балаларға шаттық, бақыт пен зор денсаулық тіледі.

Бақтияр  Мирас                                                    Құмарбекова  Алима

«Мереке» әнін орындады.                                      «Тұлпарым» әнін  шырқады.

Есенгелді   Рахматулла                                     Тынысбеков  Сұлтан

«Достарым» әнін шырқады.                                      «Анашым» әнімен.

Хамидолла   Сабыржан мен Қожабеков  Байкен «Қара жорға» биін биледі.

Музыкатерапевт Оспанов Б.Н. пен балалардың аналары Төлегенова Жадыра және Ермекова Эльмира соғыс әндерінен «Попурри» орындады.

Концерт «Әрқашан күн сөнбесін!» әнімен аяқталды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *