Балаларды қорғау күні

          2019 ж. 30 мамыр күні «Балбұлақ» оңалту орталығында 1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Біз бақыттыбаламыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.Мерекенің салтанатты ашылуы орталықтың директоры Альтаев Мұхтар Жақсыбайұлының құттықтау сөзімен басталды.Мерекеде қазақ эстрада жұлдыздары, «Сезім триосы», «Жақсылық ордасы» еріктілер тобы балаларға таныс түрлі ертегі кейіпкерлері (аниматорлар) балаларға керемет көңіл күй сыйлады.Іс шара балалардың орындауындағы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Сондай- ақ, мерекеде осы орталықта ем алушы балалардың қолынан шыққан қол өнер бұйымдарының көрме- жәрмеңкесі барша қауымды таңқалдырды.Мерекенің соңында «Рахат» және  «Өте Дәмді» кондитерлік фабрикалары  балаларды өзінің тәттілерімен қуантты.

«Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығының директоры Альтаев Мұхтар Жақсыбайұлының құттықтауы.

Кеш қонақтары «Сезім» триосы!

Орталықтағы емделуші балалардың орындауында тамаша  «Көңілді би»!

Ембергенов Жәнібектің орындауында «Қазақ жастары» әні!

Кеш қонағы  әнші-Серік Борамбаев!

Амангелдіұлы Бибарыстың орындауындағы«Тәтті ару» әні!

Көңілді қонжықтар балалардың көңілін көтерді.

  Мереке жоғары деңгейде өткізілді.

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *