Цирк қойылымы
07.04.2019ж. «Балбұлақ» РБОО әкімшілігі Қазақ Мемлекеттік Цирк әртістерімен цирк қойылымын ұйымдастырды.
07.04.2019ж. «Балбұлақ» РБОО әкімшілігі Қазақ Мемлекеттік Цирк әртістерімен цирк қойылымын ұйымдастырды.
7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күн барлық адамдарға денсаулықтың өз өміріндегі маңызын түсінуін есіне салатындай. Спорт- денсаулықты жақсартудың ең пәрменді тәсілі екені өздеріңізге белгілі. Өйткені, біздің елімізде әрбір адам дені сау және бақытты болуы тиіс. Осыған орай 05.04.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық балаларды Оңалту Орталығында «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Күн, ауа және су — біздің ең жақсы досымыз!» атты Спартакиада ұйымдастырылды.
14 наурызда 2019ж. «Балбұлақ» РБОО-да Алматы қаласының дәрігер неврологтары, педиатрлары мен ЖТД үшін соматикалық денсаулық мәселелері мен БЦС ауруына шалдыққан балаларды оңалтуға дайындау мақсатында «Жүйке жүйесі зақымдалған балалардың соматикалық мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
09.03.2019ж. «Қайырымды жандар» еріктілер тобы 8-наурыз көктем мерекесіне орай «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығының ем алушы балалары мен ата- аналарына Алматы қаласындағы «Көк Төбе» саябағына экскурсия ұйымдастырды.
07.03.2019ж. «Дара» қайырымдылық қоры мен «Smarttim.kz» краудфандинг платформасы біздің Орталыққа жүруге арналған «иммитатор» сыйға тартты.
01.03.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні және 1 наурыз алғыс айту күніне арналған «Алғыста шек болмайды» атты іс-шара өткізілді.
04.03.2019ж. «Балбұлақ» РБОО-да «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде айтылған өзгерістер мен жаңалықтарды талқылау үшін жиналыс өткізілді.Жиналыс кезінде «Балбұлақ » РБОО-дағы «Нұр Отан»партиясының төраға орынбасары Рахметуллаева Аймереке партияның 20 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, осы күнге дейінгі партияның жетістіктерімен бөлісті.Жалпы медицина саласындағы жетістіктерге тоқталсақ,1400 заманауи аурухана, емхана мен амбулаториялар салынды.
2019ж. 12 ақпан күні «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында «мейірімді, үлкен жүректі анамыз» – Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған «Айналайын Сара апа, туған күніңмен!» атты құттықтау концерті өткізілді.
21.01.2019ж. «Балбұлақ» РБОО- да «Шунгиттерапия» бөлмесінің ашылу салтанаты өтті.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы денсаулық сақтау жүйесінің Ақпараттандыруына кіреді.