«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық ертеңгілік
25.12.2017ж. «Балбұлақ» РБОО –да «Дара» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. Жаңа жылдық мерекеге Аяз ата мен Ақша қар өз сыйлықтарымен келді.
Аяз ата мен Ақша қар балаларды жаңа жылдарымен құттықтап, өзінің ізгі ниетін білдірді.
Аяз ата мен Ақша қар балалармен әр түрлі ойындар ойнап, би билеп, балалардың көңілін көтерді.
\
Тақпақ айтып, өз өнерін көрсеткен балаларға Аяз ата сыйлықтар табыстады.
Бұл күнгі мереке Аяз ата,Ақшақармен бірге естелікке суретке түсумен аяқталды.
Жаңа жыл қарсаңында балалар ата-аналарымен кинотеатрға барып, «Фердинант» атты мультфильмді тамашалады.