«Госпиталді менеджмент» атты оқу семинары
2017 жылғы 27 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Сеул қаласында (Оңтүстік Корея) Сунчонхян Университет клиникасының базасында «госпиталді менеджмент» атты оқу семинары өткізілді.
Бұл түрлі ауруларды тексеру және емдеу бойынша қызмет көрсететін, көпсалалы медициналық мекеме. 3 деңгейлі мекеме болып есептеледі. Бір күнде 2500 адамға жуық амбулаторлық ем қабылданады, ай сайын 1200 жуық хирургиялық жәрдем жасалынады.