Дельфинарийға саяхат
26.01.2018 ж. «KAZ KOLLOSSAL» ЖШС ұйымдастыруымен «Балбұлақ» РБОО –дағы осы ауысым балалары мен ата-аналар қаламыздың Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы «Немо» дельфинариіне барып, қойылым тамашалады.
Дельфинотерапия — балалардың церебральды сал ауруы, аутизм, Даун синдромы, невроз, психикалық дамудың кешеуілдеуі мен жарақаттанудан кейін күйзеліске шалдыққан жағдайларда кеңінен қолданылады. Дельфинотерапия балалардың есте сақтау, зейін қойып тыңдау және еңбекке деген қабілетін арттырып, науқастардың нашар есту және сөйлеу қабілеттерін дамытады, жан күйзелісін азайтып, неврологиялық жағдайын тыныштандырады. Ғажайып дельфиндердің шығаратын дыбысы баланың дамуына өте пайдалы.
Қойылым аясында кішкентай көрермендер ғажайып дельфиндердің өнерін қызыға тамашалады. Николь, Катя және Юми есімді Қара теңіздің дельфиндері доп ойнап, сурет салып, ән айтып, би билеп, суда жүзіп, бір-бірімен жарысып, темір шеңберді айналдырып, содан секіріп, балаларды қуанышқа бөледі. Бүлдіршіндердің қол шапалақтағанына қуанған жануарлар оларға да қошеметпен жауап қайтарып, су шашып, өздерінің қуанышты көтеріңкі көңіл күйін білдірді. Оңтүстікамерикалық Анфиса мен Василиса атты теңіз мысықтары да олардан қалыспауға тырысып, үйретуші мамандардың айтқандарын бұлжытпай орындап шықты.
Балалар мен ата-аналар қойылым тамашалауда.
Осы керемет демалысты ұйымдастырған ЖШС «KAZ KOLLOSSAL» ұжымына, директоры Өміртаева Ағзия Тұрсынбаевна ханымға ата-аналар мен балалардың атынан «Жұмыстарыңыз алға басып, асар таулырыңыз алда болсын!» деп айтар алғысымыз шексіз!!!