Интерактивті оқу семинары

Балалар неврологтарының Еуропалық қоғамы (EPNS) ұйымдастыруымен 2017 жылғы 18-20 қазан аралығында Астана қаласының Медициналық университетінің неврология кафедрасымен, сонымен қатар Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің балалар неврологиясы және медицналық генетика кафедрасымен бірлесіп «Балалар өмірінің бірінші жылғы неврологиясы» атты интерактивті оқу семинары өткізді.

Семинарға 80-нен астам неврологтар, оның ішінде Ирак, Украина, Молдова, Өзбекстан, Қазақстан қатысты. Дәрістерді Ұлыбританияның, Германияның, Нидерландияның жетекші профессорлары оқыды.

РМҚК «Балбұлақ» РБОО екі қызметкер өкілдік етті: директор М.Ж. Альтаев, психоневрология бөлімінің меңгерушісі Т.В. Варзина.

Оқу семинарында Колин Кенедидің «Балалар өмірінің бірінші жылғы неврологиясының клиникалық сұрақтары» бойынша нұсқаулықтар ұсынылды.

Ерте бала жастағы неврологияның өзекті мәселелері баяндалды. Диагноз қою және әрі қарай тактиканы жүргізу үшін норма қозғалыстардың және патологияның  ерекшеліктері айтылды.

Оқу семинарына қатысу Балалар өмірінің бірінші жылғы неврологиясы бойынша білімді жетілдіріп, сонымен қатар әр түрлі патологиялық жай-күйлерді дифференциалды диагностика өткізудің, метаболикалық ауруларға және генетикалық синдромдарға назар аударудың керектігінесілтеме жасалынды.

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *