Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. 26 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2017жылы 15 желтоқсанда «Балбұлақ» оңалту орталығында тәуелсіздік күніне арналған «Менің елім- Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Меркелік іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранмен басталды.
Орталық директоры М.Ж. Альтаев барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтап, Отанымыздың өркендеуін тіледі.
Кәсіподақ федерациясының мадақтамаларымен марапаттады.
Педагогикалық қызметтің меңгерушісі А.Ж. Жүнісова мен психолог Э.К. Надырова
Мемлекеттік рәміздер туралы түсінік беруде.
Емдеу бөлімінің меңгерушісі Варзина Т.В. ұжымды Тәуелсіздік күнімен құтықтауда.
«Желтоқсан құрбандарын» еске алуға арналған үнсіздік.
Мерекелік іс-шараның соңында барлық ұжымдастар «Атамекен» әнін әуелете асқақтатты.