1 желтоқсан тұңғыш президент күні
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халық алдында өзінің президенттік антын қабылдады. Елбасы Қазақстанның көк байрағын желбіретіп, тұғырлы елтаңбасын көкке көтерген ірі тұлға. Тәуелсіздігімізді жариялаған да, тәуелсіздік туын биікке көтерген де тұңғыш Президент. Президент-халық мақтанышы. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – бүгінгі заманның көрнекті саясаткері, Қазақстаның тәуелсіз мемлекеттің құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған, оған жаңа Астана жасап, жаңа қала тұрғызған қасиет дарыған білімді қайраткер. Бүгінгі Қазақстан халқының Елбасына айтар алғысы шексіз.
2017жылы 30 қарашада «Балбұлақ» оңалту орталығында президент күніне арналған «Ұлт көшбасшысы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Меркелік іс-шара қызметкерлердің салтанатты жиналысымен ашылып, балалардың мерекелік концертімен жалғасты. Мерекеге барлық қызметкерлер, балалар мен ата-аналар белсене қатысты. Президент күніне балалар би билеп, ән айтып, өлең жолдарын оқыды
Директор м.а Варзина Т.В. барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтап, денсаулық тілей отырып, еліміздің одан әрі көркейе беруін тіледі.
Кәсіподақ комитетінің төрағасы Жүнісова А. Ж. ұжымдастарды мерекемен құттықтады.
Қызметкерлерге Кәсіподақ федерациясы атынан мақтау қағаздары тапсырылды.
Орталық психологы Надырова Э.К. мен ЕДШ жаттықтырушысы Толыбай А.С.
«Ұлт көшбасшысы- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев» баяндамаларын оқыды.
Мерекелік концерт Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранмен басталды.
Мерекелік концерттің жүргізішілері:
педагог— тәрбиешілер Жусипова А.А., Тұрсынова А.Б.
«Көбелектер биі»
Орындайтын: Байгелова Кәусар, Төлеш Інжу, Төлеухан Еркежан, Бақытбек Еркежан.
Жалел Диас Президентке арнаған тақпағын оқып берді.
Ән «Армансыз күнім болмайды»
Ермекбаева Айдананың орындауында.
Алтынхан Сұлтаналі
«Менің Қазақстаным» тақпағымен.
«Кукарела» биі
орындайтын Жүсіп Сағаддин мен Жұман Жадыра.
Ән «Әке»
орындайтын Скаков Темірхан.
Балалардың орындауында хор «Атамекен».
Мереклік концерт соңында директор м.а. Варзина Т.В. барлық балаларға алғысын айтып, зор денсаулық, ашық аспан тіледі.