Халықаралық нашақорлықпен және есірткіні заңсыз сатумен күрес күні
БҰҰ ның Бас Ассамблеясы 1987ж. 26 маусымды Халықаралық нашақорлықпен және есірткіні заңсыз сатумен күрес күні деп жариялады.
Халықаралық нашақорлықпен және есірткіні заңсыз сатумен күрес күні көптеген елдерде тұрғындарды ең алдымен жастарды есірткіні пайдаланудың зияндылығы туралы ағартушылық жұмыстар жүргізіліп, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған акциялар мен іс-шаралар жүргізіледі. Ол адамзатқа нашақорлықтың қандай жаман кесел болып табылатындығын тағы бір еске түсіру үшін керек.
09.06.2017ж. «Балбұлақ» РБОО Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне ұйымдастырылған «Есірткіге жол жоқ!» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақта балаларға темекінің, есірткінің құрамындағы денсаулыққа зиянды заттар туралы ақпарат берілді; балалардың өз денсаулығы мен мінез-құлығы үшін жауапкершілік сезімі дағдыландырылды, балаларды өз денсаулығын күтуге үйретіп, салауатты өмір салтын ұстанудың тиімділігі мен дене шынықтыру және спортпен шұғылданудың пайдасы насихатталды.
Слайд «Ғасыр дерті- есірткі» — адам ағзасы үшін есірткінің зияндылығы туралы ақпарат.
Видео- ролик «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!»
Қойылым «Қисық жол».
Тренинг «Салауатты өмір салты».
Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің 2 курс студенттерінің балаларға жолдауы.
Педагогикалық қызмет бөлімінің меңгерушісі Жүнісова Айгүл Жұмабайқызы сабақты қорытындылай келе, балаларды салауатты өмір салтын ұстанып, жаман әдеттерден алыс болуға шақырды.