6 шілде — Астана күні
2006 жылдан бастап, жыл сайын 6 шілдеде Астана күні тойланады. Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы. 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Ата заң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата Алматы деп өзгертілді. 1994 жылдың 6 шілдесінде Жоғарғы Кеңес шешімімен Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді – кейін бұл қаланың аты Астана етіп ауыстырылды. 1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 2008 жылы 24 маусымдағы Заңмен 6 шілде- Астана күні, мемлекеттік мереке болып белгіленді. 1998 жылы 6 мамырда — еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленіп, еліміздегі мәні зор, маңызы айрықша мерекелердің қатары тағы бір күнмен толықты.
5.07.2017ж. «Балбұлақ» РБОО-да қатысуымен Астана күніне арналған «Жайнай бер, жарқырай бер, жас Астана!» атты мерекелік іс- шара өткізілді. Бұл іс- шараға Орталық қызметкерлері, балалар мен ата- аналар белсенді қатысты. Мерекеде балалар «Астана» туралы тақпақ, ән айтып, би билеп баршамызға жоғары көңіл- күй сыйлады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны.
Мерекені Орталық директоры Мұхтар Жақсыбайұлы Әлтаев құттықтау сөзімен ашып, жас Астанамыздың өркендеуін балаларымыздың болашақтарының жарқын болуына тілегін білдірді.
Орталық директоры Мұхтар Жақсыбайұлы Әлтаев жұмыскерлерді ерен еңбегі үшін «Құрмет мадақтамаларымен» марапаттады.
«Астана» әнін Төлегенов Әділет, Нұрдолла Бейбарыс бүлдіршіндер оркестрінің сүйемелдеуімен орындады.
Ән «Мереке», орындағандар: Ахметова Ұлбосын, Бейсенғалиева Камилла және Джангаберген Шұғыла.
Тетюцкая Ульяна «Астана- менің астанам» тақпағымен.
Муслимова Амина, Жетпісбай Аяулым мен Дәлубайқызы Айханым «Әзіл биін» биледі.
Тақпақ «Астан- арман қала» оқыған Алмабек Айгерім.
Ата- аналар мен балалардың орындауында «Флешмоб» биі.
Ән «Астана», орындайтын: Маратұлы Алихан, Айнабек Ернар және Төлеп Азамат
Хор «Туған жер» жеке дауыста Сауранбек Айзада.