Халықаралық Балаларды қорғау күні.
Жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күні-халықаралық мерекелердің бірі, оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді. Оны өткізу туралы шешім 1949 жылдың қараша айындағы Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.
БҰҰ бұл бастаманы қолдап, балалардың құқықтарын, өмірін және денсаулығын қорғауды өз қызметінің басымды бағыты деп жариялады. Балалар қорғауының халықаралық күні – бұл, алдымен, балалар өмірі құқықтарын, пікір мен дін бостандығын, білім алу, дем алу мен бос уақыт, денелік және психологияқ жәбірлеуден қорғау, балалар еңбегінің эксплуатациясынан қорғау құқықтарын сақтау қажеттігі туралы, адамгершілікті және әділ қоғам қалыптасуының қажетті жағдайлары ретінде үлкендерге ескерту. 1959 жылы БҰҰ Бала құқықтары Декларациясын қабылдады, оған ата-аналарды, мемлекеттік органдарды, жергілікті билік пен үкіметтерді, мемлекеттік емес ұйымдарды, ондағы балалардың құқықтары мен бостандықтарын мойындауға және оларды сақтауға тырысуға шақыратын баптар кірді. Бұл күн –балалардың шулы да көңілді мерекесі ғана емес ,сондай-ақ балалардың құқығын есіне салатын,иманды да әділетті, қоғамның қалыптасуына жағдай туғызатын мереке.
1.06.2017ж. «Балбұлақ» РБОО-да Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2 курс студенттерінің қатысуымен «Халықаралық балаларды қорғау күніне» арналған «Жарқын біздің болашақ» атты мерекелік іс- шара өткізілді. Іс- шара мерекелік концерт, суреттер байқауы және мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнер көрмесімен жалғасын тапты. Бұл іс- шараға балалармен қатар ата- аналары да белсенді қатысты.
Мерекелік концертте балалар өз өнерлерін көрсетіп би билеп, әндер орындап,
тақпақтар айтып, орталық алаңында түрлі суреттер салды.
Муканова Зейнеп пен Малик Айдарқызы Айым «Чунга- чанга» әнін орындады.
«Я рисую на асфальте» әнін бүлдіршіндер оркестрінің сүйемелдеуімен орындағандар: Нұржанова Аружан Самет және СерікбайАлма.з
Ән «Ақ мамам» Орындайтын- Бұлдыбай Сания мен студенті 2 курс Азатова Дильнара
Испан биін» орындаған Кемелбек Нұрайым және Муратова Дильнара
Ән «Қошақаным» Орындайтын: Махамбетжан Ғалымжан, Жангалиев Алимжан мен Жангалиев Елхан.
Би «Флешмоб» студенттердің орындауында
Мәлік Айдарқызы Айымның әжесі Үзенбаева Бейсекүл балаларды мерекемен құттықтап, ата-аналар атынан тәттілер табыстады.
Мерекелік концерт соңында орталықтың директор міндетін атқарушы Ахметова Назгүл Серікқызы балаларды құттықтап, мықты денсаулық және болашақтарының жарқын болуына тілектестік білдірді.
Мереке балалардың қол өнер көрмесімен және суреттер байқауымен жалғасты.