Дүниежүзілік темекісіз күні.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы1988 жылы 31 мамырды Дүниежүзілік темекісіз күн деп жариялады. Сондықтан әр жыл сайын ДСҰ және серіктестермен бірге осы күні адамдарға темекі тартудың денсаулық үшін зияндылығынайтып, темекіні тартатын тұтынушылардың көлемін азайту үшін мемлекетте тиімді саясатты жүргізуге шақырады. Дүниежүзілік темекісіз күннің негізгі мақсаты бүгінгі және ертеңгі ұрпақты темекінің денсаулық үшін зиянды салдарынан қорғауға және темкі түтінін пайдаланумен байланысты болатын әлеуметтік, экологиялық және экономикалық апатқа ықпал ету болып табылады.
12.05.2017ж. «Балбұлақ» РБОО Дүниежүзілік темекімен күресу күніне орай ұйымдастырылған «Зиянды әдеттер: темекі тарту» психолог мамандарының ашық сабағы өткізілді. Салауатты өмір салтын ұстанудың негізі бала кезінен басталуы керек.
Жеткіншектердің қойылымы «Біз салауатты өмір салты үшін!»
Адам ағзасы үшін темекінің зияндылығы слайд-ақпарат.
Қадырбай Асель, Қадырбай Мадина, Досжан Алихан «Жас дәуірдің түлегіміз» атты әнімен.
Темекіні тартуды ұсыну және одан бас тарту, жеткіншектердің арасындағы диалог.
Ата-аналардың қатысуымен викторина.
Пронькина Виктория және Илюкин Ерсұлтан «Дорога добра» әнін орындап жатыр.
Педагогикалық қызмет бөлімінің меңгерушісі Жүнісова Айгүл Жұмабайқызы, сабақты қорытындылай келе, балаларды зиянды әдеттен сақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.