Балаларды қорғау күні
2019 ж. 30 мамыр күні «Балбұлақ» оңалту орталығында 1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Біз бақыттыбаламыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.Мерекенің салтанатты ашылуы орталықтың директоры Альтаев Мұхтар Жақсыбайұлының құттықтау сөзімен басталды.Мерекеде қазақ эстрада жұлдыздары, «Сезім триосы», «Жақсылық ордасы» еріктілер тобы балаларға таныс түрлі ертегі кейіпкерлері (аниматорлар) балаларға керемет көңіл күй сыйлады.Іс шара балалардың орындауындағы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Сондай- ақ, мерекеде осы орталықта ем алушы балалардың қолынан шыққан қол өнер бұйымдарының көрме- жәрмеңкесі барша қауымды таңқалдырды.Мерекенің соңында «Рахат» және «Өте Дәмді» кондитерлік фабрикалары балаларды өзінің тәттілерімен қуантты.