Мастер класс

             26 мамыр 2019 жылы «Балбұлақ»оңалту орталығында қызметкерлер үшін Қазан Мемлекеттік медициналық институты неврология және нейрохирургия кафедрасының профессоры,  м. ғ. д., Татарстан Республикасының (РесейФедерациясы) бас реабилитологы В. А. Исановамен жаңа әдістемелер бойынша «Атлант»оңалту пневмокостюмы мен нейро-ортопедиялық құрылғылар пайдалану мастер- классы өткізілді.

Толығырақ

Білім жетілдіру курстары

7-11 мамыр 2019 ж. «Балбұлақ» Республикалык балалар оңалту орталығы психоневрология бөлімшесінің дәрігерлері, Көреген Ғ.Т., Егембердиева С.Е.  Испания, Аликанте қаласында «Нейрометаболикалық бұзылыстар» және «Эпилепсия» тақырыптарында өткен білім жетілдіру курстарында.

Балаларды қорғау күні

          2019 ж. 30 мамыр күні «Балбұлақ» оңалту орталығында 1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Біз бақыттыбаламыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.Мерекенің салтанатты ашылуы орталықтың директоры Альтаев Мұхтар Жақсыбайұлының құттықтау сөзімен басталды.Мерекеде қазақ эстрада жұлдыздары, «Сезім триосы», «Жақсылық ордасы» еріктілер тобы балаларға таныс түрлі ертегі кейіпкерлері (аниматорлар) балаларға керемет көңіл күй сыйлады.Іс шара балалардың орындауындағы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Сондай- ақ, мерекеде осы орталықта ем алушы балалардың қолынан шыққан қол өнер бұйымдарының көрме- жәрмеңкесі барша қауымды таңқалдырды.Мерекенің соңында «Рахат» және  «Өте Дәмді» кондитерлік фабрикалары  балаларды өзінің тәттілерімен қуантты.

Толығырақ