Тәуелсіздік күні
13.12.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиын өткізілді.
13.12.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиын өткізілді.
12.12.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында Дефектолог және Монтессори педагог мамандарының «Қысқы саяхат» тақырыбында ашық сабағы өткізілді. Ашық сабақпен тұспа- тұс келген 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тірегім» мерекелік концертіне балалар белсене қатысты.
2019 жыл 11 желтоқсанда РБОО «Балбұлақ» Денсаулық Сақтау Жоғары Мектебімен бірлескен қазақстандық және қытайлық жетекші мамандардың қатысуымен Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарының бірінші басшыларына арналған шеберлік сабағын өткізді. Қытайлық әріптес Лин Циньюн мырзаның (ҚХР, Шэньчжэнь қаласы) сөзінен кейін қазақстандық әріптестер «Балбулақ» Орталығының алдыңғы қатарлы әдістерімен танысты, шеберлік сабақ барысында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасындағы оңалту мәселелері бойынша сұрақтарды талқылады.
29.11.2019ж. «Балбұлақ» Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында Қазақстан Республикасының «Тұңғыш Президент» күніне арналған салтанатты мерекелік іс –шара өткізілді. Ауысымның ашылу салтанатымен тұспа- тұс келген «Ұлт көшбасшысы» мерекелік концертіне балалар белсене қатысты.
2019 жылдың 22 қараша айында Талдықорған қаласында Церебралды сал ауру балалар арасында симптоматикалық эпилепсия түрлерін дифференциялдық диагностикалау, емдеу, ЖТД, психиатр, педиатр, невролог дәрігерлер үшін оларды оңалту сұрақтарымен «Балалардағы эпилепсия: диагностика және түзету негіздері» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
18.10.2019ж. «Балбұлақ » Республикалық балаларды оңалту орталығында балалардың танымдық үрдістерге қызығушылықтары мен зейінін арттыру, тапқырлыққа тәрбиелеу мақсатында психологиялық марафон өткізілді.
13.11.2019ж. «Балбұлақ» РБОО әкімшілігінің ұйымдастыруымен балаларға қаламыздың Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан «Немо» дельфинарийіне саяхат ұйымдастырылды.
2019 жылдың 22 тамыз айында «Балбұлақ» РБОО базасында РФ, Санкт- Петербург қ. «ФМБО ФБА Жұқпалы балалар аурулар ғылыми-клиникалық орталығы» профессоры м.ғ.д. Харит С.М., ҚазҰМУ «Жүйке жүйесі аурулары кафедрасының» профессоры Мухамбетова Г.А. қатысуымен, психоневрологиялық ақаулары бар балалардың дамуын қамту тақырыбында «Қауіп-қатер тобындағы балалар арасындағы бактериалды жұқпалы аурулардың алдын алу» шеберлік сыныбы өткізілді.
11.08.2019ж. «Балбұлақ» РБОО әкімшілігі мен демеушілердің ұйымдастыруымен Орталықта ем алушы балалар мен ата- аналар «Арман» кинотеатрына барып, «Дора және жоғалған қала» атты анимациялық филімін тамашалады.
02.02.2013 жылы «AРДИ» ҚҰ-да пациенттердің ата-аналары мен үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Л.М. Актаева, Министрдің кеңесшісі Г.Бидатова және медициналық ұйымдар мен білім беру жетекшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. «Балбұлақ» РБОО атынан директордың орынбасары Е.У. Өтемісов балаларды сауықтырудың мәселелері мен проблемалары және оларды шешу жолдары туралы баяндама жасады.