Психологиялық марафон
18.10.2019ж. «Балбұлақ » Республикалық балаларды оңалту орталығында балалардың танымдық үрдістерге қызығушылықтары мен зейінін арттыру, тапқырлыққа тәрбиелеу мақсатында психологиялық марафон өткізілді.

Марафонды ұйымдастырушылар орталықтың психолог мамандары:
Олжабай А.С. мен Дәулетқан Б.А.

Балалар және ата-аналар «Жасыл шарлар» мен «Сары шарлар» тобы болып екі топқа бөлінді. Марафон бірнеше кезеңнен құралды

1 кезеңде тапсырмалары «Қабылдауға арналған» тапсырмалар берілді. Әрбір белсене қатысып, дұрыс жауап берген топқа «жетон» берілді

2 кезеңнің тапсырмасы бойынша балалар анаграммаларды шешті

3-ші кезеңде «Қиял процесін» дамытуға арналған тапсырманы орталық бүлдіршіндері қызығушылықпен орындап шықты

4-ші кезеңде «Есте сақтау процесін» дамытуға арналған тапсырмада балалар белсене қатысты

5-ші кезеңде «Қол моторикасын» дамытуға арналған тапсырмаларда екі топтың ата-аналары мен балалары жарыса ат салысты

Балалар саусақ бояуларын қолдану арқылы алақандарымен керемет сурет салып, мағынасын ашып берді

Орталығымыздың емделушілері: Сейлібек Нұрғалым, Батырбаева Аружан, Сағындық Нұрай
«Әке — Ана» әнімен марафонды аяқтады
