Масстер-класс

           2018 жылғы 16-17 наурыз күндері «Балбұлақ» РБОО «Диагностика және балалардың моторлы бұзылыстарын оңалту» атты, моторлы функцияларын қалыпты болғанда немесе патологиясы бар жағдайда дамыту мәселелері жарыялайтын масстер-класс, өткізілді.
Бұл іс-шараны «Балбұлақ» РБОО, «Неврологтар — «Смағұл Кайшыбаев атындағы неврология институты» ғылыми-практикалық орталығы лигасы», С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, бірлесіп ұйымдастырды.
Методикалық әдістемеліктерді Гульнар Амерзаевна Мухамбетова (С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Жүйке аурулары кафедрасының профессоры) және Татьяна Владимировна Варзина («Балбұлақ» РБОО психоневрология бөлімінің меңгерушісі) ұсынды. Мастер-класстың жұмысына оңалту орталығының невролог-дәрігерлері, педиатрлары, психиатр белсенді қатысты.
Баяндамада қимыл-қозғалыс функциялардың анатомия-физиологиялық негіздері, олардың балаларда дамуы, зақымдалу синдромы және диагностика әдістері ұсынылған, дифференциальды-диагностикалық критерийлері анықталды.
Ерте жастағы балалардың қозғалыстық бұзылыстарының диагностикасына, нозологиялық түрін анықтауға ерекше назар аударылған. Клиникалық оқиға мысалында балалардың қозғалыстық бұзылыстарын іздеп табу әдістері, ми даму аномалияларының дифференциалды критерийлері, нерв жүйесін зақымдайтын тұқым қуалаған ауралар көрсетілді.
Мастер-класқа қатысушылар бірлескен практикалық іс-шаралар өткізілуінің, балалар неврологиясы өзекті сұрақтарын талқылау, медициналық қызметтің сапасын жетілдіруге және үздіксіз білім беруге бағытталған, бірлескен қызметті үйлестірудің қажеттілігін атап өтті.

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *