Тұзбен емдеу галакамерасының ашылуы
23.02.2018 жылы «Балбұлақ» РБОО-да тұзбен емдеу галакамерасының ашылуы болды. Жаңа технологиялық әдіспен ем алу яғни, галотерапиямен емделуге болады. Бұл жүрек, тыныс жолдары ауруларын емдеуде оңтайлы әдіс. Тіптен тұмауды да емдеуге пайдалы. Экзема, диатез, аллергияны емдеуде тұздың пайдасы көп.
Орталық директоры М.Ж.Альтаев балалар мен ата-аналарды бүгінгі галатерапиясының ашылуымен құттықтап сөз сөйледі
Орталығымыздың директоры М.Ж. Альтаев галотерапияны ашу салтанатында
Балалардың галатерапияға алғашқы қадамы
Балалар қуаышты сәтін осылай білдіруде
«Балбұлақ» директоры М.Ж. Альтаев галотерапиясының ашылуымен тұспа-тұс келіп тұрған туған күн иелері Сарсен Нұршат пен Зинел Дінмұхаммедті туған күндерімен құттықтап, орталығымыздың атынан сыйлық табыс етті
Орталық директоры М.Ж. Альтаев «Балбұлақ» орталығында алғашқы қадамын жасаған Сарсен Нұршаттың тұсауын кесіп, ақ жол тіледі