Қосымша № 2

Оңалтуға қарсы көрсетілімдер:

  • жиі қайталанатын немесе әртүрлі себептермен мол қан кету, анемия гемоглобин деңгейі 80 г/л аз;
  • әртүрлі этиологиялық (ремиссия кезінде 6 айдан кем емес) қайталанатын генерализацияланған талмалар;
  • өткір жұқпа аурулары соның ішінде карантиндік инфекциялармен қатынаста болу (эпид. қарсы көрсетілімдер);
  • туберкулездың барлық формаларының белсенді кезеңі (A 15.0–1; A 15.5; A 15.7–9);
  • катерлі ісіктер (III-IV кезеңдер);
  • тыныс алу қызметі жеткіліксіздігі II-IIIкезеңдер;
  • фебрильді безгек немесе шығу тегі белгісіз субфибрильді безгек;
  • күрделі, ілесе жүретін ауыр аурулардың болуы (соның ішінде ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік 3 кезеңі, анемия 3 кезеңі);
  • декомпенсация кезеңіндегі аурулар, соның ішінде түзетуге келмейтін метаболиялық аурулар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалары);
  • терінің ірің аурулары, терінің жұқпалы аурулары (қотыр, саңырауқұлау аурулары және басқалары);
  • ауыр қабыну аурулары, созылмалы аурулардың күшеюі (жоғары белсенділік кезеңі);
  • эхинококк кез-келген локализациясы және басқа паразиттер;
  • өткір остеомиелит;
  • терең тамырлардың өткір тромбозы;
  • тұлғаның әлеуметтенбеген психикалық аурулары(F 00; F 02; F 03; F 05; F 10–F 29; F 63; F 65; F 72–F 73);
  • 1 күн ішінде 2-3 сағатқа оңалту ем шараларына қатысуға кедергі келтіретін қосалқы аурулардың болуы;
  • вегетативті жағдай, апаллитік синдром;
  • микроцефалия;
  • жамбас мүшесі қызметінің бұзылуы бар балалар ересектердің сүйемелденуінсіз;
  • үдемелі гидроцефалия;
  • тұқымқуалаушылық және хромосомдық аурулар (Даун ауруы, нервтік-бұлшықеттік аурулар, тұқымқуалаушылық-алмасу аурулары және басқалары);
  • нейрохирургиялық ота жасаудан кейінгі жағдай (6 айдан кейін);
  • керең-мылқаулық, көру нерві дискісінің атрофиясы.