Қош келдің, Әз Наурыз!

Алдымыздағы күндері «Балбұлақ»      Республикалық Балаларды Оңалту Орталығында «Қош келдің, Әз Наурыз!»  атты мерекелік іс- шара өткізілді. Бұл игі шараға емделуші балалар, ата- аналар белсенде қатысты.

Ұзақ Хамза сүйінші хабарымен «Әз Наурыз» келе жатқанын жариялады.

«Балбұлақ»  ауылындағы Наурыз мерекесіне қонаққа  ертегілер елінен Тазша бала да келді.

Тазша бала рөлінде – Ременов Айбын.

Қыдыр Атаның бата беру сәті.

«Наурыз -көктем» әнімен Бабажан Арай және  Әшім Тоғжан.

Төс қағысып, көрісу дәстүрі.

Емделуші  Жұмабек Аружан «Наурыз»  тақпағымен ортада.

Емделуші Нәсіпқалиева Әмина   және «Балбұлақ» ансамблінің орындауында Құрманғазының күйі «Адай».

«Тұсау кесу» салты. Бұл күні Асанхан Аманат баламыздың тұсауы кесіліп, аулымызда үлкен  қуаныш болды.

Емделуші Марат Каусар «Наурыз» әнімен.

Қазақ халқының ұлттық ойыны «Орамал тастамақ».

Емделуші Құрбантаев Абдулазиз да Наурызға арнаған тақпағын оқыды.

Қыздарымыздың орындауында «Өзбек» биі.

Қазақ халқының ұлттық ойыны  «Қыз қуу».

Ән «Дружба»  Орындаған: Хамхоев Али, Малыхин Егор және Альжанов Санжар.

Емделуші Ременов Айбын мен Елікбай Арсеннің орындауында ән «Қазақ қызға үйленем».

Бүлдіршіндер биі.

Ұзақ  Хамза «Наурыз- жыл  басы»  тақпағымен.

Емделуші Әшім Тоғжанның әкесі Камалов Абай ата-аналар атынан барлығын Наурыз мерекесімен құттықтап, ән шырқады.

Мереке соңында орталық директоры м.а. Ахметова Н.С. барлық  балалар   мен ата- аналарды Наурыз мейрамымен құттықтап, жаңа жылда үлкен табыстар тіледі.

Добавить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *