Жол жүру ережесі
21.04.17ж. «Балбұлақ» оңалту орталығында жарқаттың алдын алу іс- шарасы өткізілді. Педагогикалық бөлім меңгерушісі Жүнісова А.Ж. балалармен «Жол жүру ережесі» сюжеттік рөлдік ойынын жүргізіп, жолдағы қауіп – қатерден қорғану шараларын көрсетті. Дәрігер невропатолог Жұманазарова М.М. ата-аналарға «Балалар жарқатының алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.
Педагогика бөлімінің меңгерушісі Жүнісова А.Ж. балаларға жол жүру ережесі туралы мағлұмат беруде.
Жолдағы негізгі реттеуші- Бағдаршам!
Көлік иелерінің бағдаршамның «қызыл көзі» жанған сәтте тоқтауы.
Жаяу жүргіншінің жаяу жүргіншіге арналған «зебра» сызығынан бағдаршамның «жасыл көзі» жанғанда өтіп бара жатқан сәті.
Балалар жолда жүру ережесі туралы білімдерін пысықтауда.
Жарақаттың алдын алу мақсатында Орталықта «Абайлаңыз! Тайғақ еден!!» тақтайшасы бар. !!